Студент жастармен нашақорлыққа, қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы кездесу


Шымкент университетінің акт залында  2022 жылдың 10 қараша айында Шымкент қаласының ішкі саясат және діністер  білім басқармаларының, Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің, аудан прокуратурасының, ардагерлер кеңесінің, қалалық психикалық орталығының жауапты мамандарымен кездесу өтті.  Кездесудің мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; нашақорлықтың, суицидтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің алдын алуда  түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында мамандар жас жеткіншектерге нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, олардың алдыналу, саналы да салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын үйретті. Студенттер көптеген пайдалы мағлұматтар алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

 

 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish