Жастарды әлеуметтендіру , жастарды қолдау форумы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


2023 жылдың 9-10 ақпан күндері   Қазақстан Республикасының, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен,  еліміздің ілгері оқу орындарының бірі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректорларының қатысуымен және психологиялық қызмет өкілдері мен жастар ұйымдарының төрағаларымен форум болып өтті.

Мемлекетіміздің болашақта дамуы жастардың қолында болғанына байланысты, бұл форум өте өзекті өткізілді. Екі күнге созылған өте маңызды бұл форумға ғылым және жоғары білім министрі: Саясат Нұрлыбек қатысып, министрліктің бүгінгі күнде атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, жастарды әлеуметтендіру, ғылым мен инклюзивті білімді дамыту және оқу орындарында цифрландыруды жүзеге асыру бағыттары бойынша баяндама жасады. «Жастардың мәселесі біздің назарымызда. Жастар біздің болашағымыз. Жастардың мәселесін жаппай жұмылып қана шеше аламыз!» деп алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Мемлекеттіміздің жоғары оқу орындарында туындаған мәселелерге тоқталып, оны шешудің тиімді жолдарын атап өтті. Жастарды әлеуметтендіру бойынша өткен форум өз мақсатына жетті деп ойлаймыз, себебі мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының жастар тәрбиесіне жауапты тұлғалары бас қосып, пікір алмасты, тәжирбиелерімен бөлісті.

Жиын барысында көптеген спикерлер жастарға  әлеуметтік қолдау көрсету,  олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, рухани тәрбие, нашақорлықпен суицидтің алдын  алу, салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. 

Сөз соңында, осындай форматтағы іс-шаралардың  жиі  өтуі қордаланған жастар мәселесінің шешілуіне өз септігін тигізер еді. Форумды ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымыз шексіз.  


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish