Семей ядролықсынақ палигонының құрметті ардагерлермен кездесу өткізілді.
«QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында «AMANAT» партиясында Семей ядролықсынақ палигонының құрметті ардагерлермен кездесу өткізілді. Ұлы Отан соғысына теңестірілген. Қазақстан Республикасының ардагері Тұранқұлов Абдурашид Байтураұлы және Ахметов Маханбетқали Мауленұлымен кездесу өтті. Оған Шымкент университетінің белсенді жастары қатысып, келген ардагерлермен сұрақ қойып, сұхбаттасып, естелікке фото суретке түсіп қайтты. «Қайсар» әскери-патриоттық жобасының мақсаты - жастар арасында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру. Отанымызға адал, жауапкершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Жиында сөз алған ардагерлер жастарға әскердегі өмір, еңбек тәжірибесі, өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, ақыл-кеңесін жеткізді. Патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта ардагерлерімізді медициналық жабдықтармен қамту, емдік-сауықтыру орындарына жолдамалар, коммуналдық шығындарды төлеу жеңілдіктерінің қызметтері ұсынылған. Сондай-ақ кездесу соңында атамыз ақ батасын да берді.