Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне 92 жыл толуына орай « Есіңе мені алғайсың» атты іс-шара өткізілді.

Жастар ұйымының белсенді жастары, Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арнап Шымкент университетінің Жатақханасындағы студенттерге арнап іс-шара өткізді. Іс-шараның басын, мың бұралған биші қыздар ашып берген болса, әрмен қарай Мұқағали Мақатевтың өлең жолдарымен жалғасты. Қазақтың маңдай алды ақындарының бірі, Мұқағали Мақатевты еске алу кешінде, жатақхана меңгерушісі: Жетпісбаева Айсара Серікқызы, Педагог – тәрбиеші: Салтураеева Айгүл Орынбасарқызы, ханымдар ізгі тілегін білдіріп белсенді жастарға алғысын білдірді және Жастар ұйымы төрағасы; Мұса Бекжан жатақханадағы студенттерді белсенді болуға, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

 

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы