Жетістіктер


2024 жылдың 11-16 наурыз күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша, Финляндияның НАМК және JAMK университеттері мен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен бірлесіп іске асыратын «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы аясында «Білім берудегі көшбасшылық» және «CLIL әдістемесін оқыту» атты екі бағдарлама бойынша ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырылуда.
Аталған курсқа Шымкент университетінің «Математика және Информатика» кафедрасының доценті Медетбекова Р.А., PhD аға оқытушы Мусакулов К.Т., біліктілігін арттыруда.
Бағдарлама ЖОО 200 өкілінің және білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларындағы ауылдық мектептердің 50 директорының көшбасшылық құзіреттілігін дамытуға бағытталған.
Курс мақсаты: педагогикалық білімді жаңғырту - инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану.
Image
Image
Image
Image

Түркия қаласында өткен Эйфория 15 форумы.
Кафедрамыздың аға оқытушысы Кобеева З.С., форумда «Түркия қаласында өткен Эйфория 15 форумы. Кафедрамыздың аға оқытушысы Кобеева З.С., форумда «Ақпараттық қоғамдағы тұлғаның құндылықтық әлемі» атты баяндама жасап., Қазақстандағы болашақ информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігінің маңызын атап өтті. Форумда ақпарат алмасумен бірге ТМД мемлекеттерінің білім беру жүйесімен танысып, тәжірибе жинақтап, талдау жүргізілді.

Image
Image
Image

17.05.2024 «Математика және информатика» ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект - заманауи ақпараттық технологиялардың негізі» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар жоғары дәрежеде аталып өтті. Университет ректоры п.ғ.д., профессор Нұрлыбек Ақынұлы Сейітқұловтың басшылығымен, Түркия мемлекетінің Гази университетінің профессоры Халил Ибрагим Булбул семинарға өз үлестерін қосты.

Image
Image
Image
Image
Шымкент Университетінің «Математика және информатика» кафедрасының доценті ф.м.ғ.к., Байжұманов А.А., Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласы, Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік педагогикалық университетінде «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты ғылыми-техникалық семинар өткізіп, баяндама жасап, халықаралық қатынасты нығайту мақсатында меморандум жасап қайтты.
Image
Image
Image

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61