25 сәуір күні Шымкент университетінде ««Білім беру жүйесінде жаңа трендтер мен технологиялардың ғылымдағы мәні мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: зерттеу жұмысының нәтижелерін талқылау; жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту; оқу орындары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату.
Коференцияға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша елдерінен ғалымдар қатысты.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.
Заманауи білім жүйесінің талабы қоғамды тек керекті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық құндылықтарды нығайту, ұлғайту, гуманизм мен азаматтықтың жағдайларын кеңейту өзекті мәселе етіп қойылуда. Бұл процесс үздіксіз жүреді, адамның әлеуметтену іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.
Университетіміздің ректоры п.ғ.д., профессор Сейткулов Нурлыбек Акынулы Конференцияға келген қонақтарға, қатысушыларға алғыстарын айта отырып, Президент сенімін ақтап, дамыған елдер қатарына жету жолындағы ұлы көште толағай табыстар тіледі.