Шымкент университетінің стартапы GCIP-Kazakhstan акселерациялық бағдарламасы өтті!

Image
Шымкент университетінің стартапы GCIP-Kazakhstan акселерациялық
бағдарламасы өтті!
Шымкент университетінің базасында әзірленген «Бактерицидті-органикалық
қатты сабын» тақырыбындағы стартап GCIP-Kazakhstan – Біріккен Ұлттар
Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (UNIDO) және Халықаралық жасыл
технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC)
серіктестігімен жүзеге асырылып жатқан таза технологиялар саласындағы
жетекші халықаралық бағдарламаға қатысу құқығын жеңіп алды.
Жоба табиғи компоненттер негізінде экологиялық таза, қауіпсіз және
бактерияға қарсы әсері бар сабын жасауға бағытталған. Бұл синтетикалық
заттарды қолдануды азайтып, қауіпсіз гигиеналық әдеттерді қалыптастыруға
сеп болады.
Бағдарлама аясында жоба тобы:
  • халықаралық менторлар желісінен кеңес алады,
  • бизнес-модельді дамыту және масштабтау бойынша қолдау алады,
  • жаһандық нарыққа шығу мүмкіндігіне ие болады.

Шілде айында команда Астанада өтетін Ұлттық академияға қатысады. Бұл
кезеңде стартаптар NGIN (АҚШ) халықаралық желісінің сарапшыларының
қатысуымен қарқынды оқудан өтеді.
Университетіміздің жас инноваторларымен мақтанамыз және оларға болашақ
табыстар тілейміз!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы