ШУ ғалымы қаракөл шаруашылығы және шөл экологиясы ғылыми-зерттеу институтында дәріс оқыды
Өзара түсіністік және халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2022 жылдың 01-02 желтоқсаныңда профессор Жәнібек Паржанов қаракөл шаруашылығы және шөл экологиясы ғылыми-зерттеу институтында «Қаракөл өсірудегі селекция және генетикалық негіздер» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріскер тыңдаушыларға ауылшаруашылық малдардың асыл тұқымдық құндылығын анықтаудың заманауи әдістері, өнімді және биологиялық көрсеткіштер кешені бойынша сұрыптау және таңдау ерекшеліктері, гетерозис әсерін алу және жүзеге асыру шарттары туралы айтып берді.
Сондай-ақ тараптар ғылыми зерттеулер, конференциялар мен семинарлар өткізудегі бірлескен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.