Кәсіптік  практика  базасы  ретінде  ұйымды айқындау
 тәртібі  мен  бағдарламалары

  Университетте білім алушылардың кәсіптік практикасы - жоғары білікті кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және олар кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелер мен ұйымдарда, жоғары, кәсіптік және жалпы орта білім беру мекемелерінде өткізіледі.

  Практиканы өткізу мекемесінің материалды-техникалық базасындағы зертханалар, арнайы жабдықталған кабинеттер, өндірістік, ғылыми-зерттеу құралдары, өлшемдік және есептеу кешендері, санитарлық және өртке қарсы нормаларға, сонымен қатар оқу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес келетін болу керек.

  Оқу практикаларының базалары болып оқу орындары, оқу шеберханалары, мектептер, зертханалар, ЖОО-ның оқу-көмекші бөлімшелері, сонымен бірге болашақ профессионалдық қызметке сәйкес ұйымдар айқындалады.

  Педагогикалық практикалардың базалары болып  жоғары, кәсіптік және жалпы орта білім беру мекемелері болып табылады.

  Білім беру бағдарламасының дайындау бағытына, саласына  сәйкес кәсіпорындар, жеке және мемлекеттік мекемелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдар өндірістік практика базалары болып табылады. Бітіруші курстарда өндірістік (педагогикалық) және өндірістік практикаларды негізгі оқу үдерісінен тыс уақытта өткізеді.

  Біліктілік  жұмыстары  дайындалатың өндірістік кәсіпорындар  мен ғылыми-зерттеу ұйымдары дипломалды практика базалары болып табылады. Практиканың мақсаты – мамандыққа сәйкес кәсіптік құзіреттер қалыптастыру, диплом тақырыбы бойынша мағлұматтар жинақтау. Диплом алды практика бойынша басшылықты  дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.

  Университеттегі практика білім алушының қандай курста оқитындығына байланысты оқу-танысу, оқу, тілдік, педагогикалық, өндірістік, диплом алды, зерттеу және т.б. бірнеше түрге бөлінеді. Мұндайда басты мақсат білім алушылардың кәсіптік қызметті игеруінде үздіксіздік пен кезектілікті қамтамасыз етуге негізделеді.

  Практикадан өту мерзімдері оқу жоспары мен академиялық күнтізбе, университеттің оқу-өндірістік базасы мен практика базаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері және білім алушылардың теориялық дайындығын есепке ала белгіленеді.

Практика базаларын қалыптастыру жөнінде толығырақ ақпарат

  Кафедра практика басталатын уақыттан 2  ай бұрын білім алушының практикадан өтуі үшін қажет дайындықты ұйымдастырады. Білім алушылар практиканың барлық түрлеріне қатыспас бұрын кафедра оларды практика бойынша нормативтік құжаттармен (практика бойынша бағдарлама, әдістемелік ұсыныстар); практиканың міндеттері мен мақсаттарымен; практика өтілетін орындарда қауіпсіздік техникасы бойынша ережелермен (білім алушылардың кафедраның ҚТ бойынша кіріспе нұсқаулық журналына міндетті қол қоюымен); практиканттарға қойылатын талаптармен; практика бойынша есептік құжаттамаларды рәсімдеу мен тапсыру тәртібімен таныстыру үшін нұсқаулық конференция өткізеді.

  Практика басталмас бұрын білім алушы тиісті кафедрадан білім алушының бағдарламасын, бағытын, жұмыс жоспар-кестесін, кәсіптік практикадан өтуге қажет күнделік-есепті; практикадан өту процесі бойынша ұсыныстар мен кеңестер алуға міндетті.

  Практика базалары болып табылатын ұйымдарға жіберілетін білім алушылар университетте сәйкесінше бұйрық шыққаннан кейін практикадан өту орнын өзгерте алмайды. Білім алушының ауруына (ауырғандығы жөнінде анықтама бір апта көлемінде жарамды) байланысты, база практикадан өтуге қатысты ұсынысты қабыл алмаған жағдайда немесе өзге де дәлелді себептерге байланысты растаушы құжатты ұсынумен практикадан өту орнын өзгерту қажет болған жағдайда, кафедра факультет деканының атына себепті мазмұндаумен қызметтік жазбахатты әзірлейді. Деканат практика басталатын уақыттан 7 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде өкім жазып, оқу жұмысы бойынша проректор атына жазылған ұсынысты әзірлейді.

Кәсіптік практика нәтижелерін қорытындылаудың

талаптары бойынша ақпарат

Кәсіптік практика  аяқталғаннан  кейін білім  алушылар  есептік  құжаттарын  кафедраға тексеріске тапсырады. Білім  алушынын  есебі университеттің  практика  басшысымен тексеріледі және кафедра меңгерушісінің  өкімімен бекітілген комиссияның алдында қорғалады.

Практикаға бір жетекші белгіленген жағдайда (оқу практикасының түрлері) есептің рәсімделуіне және қорғалатын нысан бойынша білімдерін көрсетулеріне сәйкес комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша баға қойылады;

Практикаға екі жетекші бекітілгенде - ЖОО-нан және практика базасынан (өндірістік,  педагогикалық), қорытынды баға практика  базасының  басшысының  бағалау  есебінен  (оның салмағы қорытынды бағадан 40% болып табылады) және комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша қойылады (оның салмағы қорытынды бағадан 60% болып табылады).

Кәсіптік практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есебін қорғағанда қанағаттандырарлықсыз баға алған білім алушы практикадан қайта өтеді. Қайта өту тәртібі университетте қабылданған ереже бойынша жүзеге асады және практиканың есебі қорғау кезінде алған бағалық, балдық, рейтингтік жүйемен қайта бағаланады.

Білім алушы практикаға себепсіз келмеген немесе практиканың бағдарламасын орындамаған жағдайда, есебін қорғауда практикадан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, келесі академиялық кезеңдердің ішінде теориялық оқыту кезеңімен қатар қайта практикаға жіберіледі немесе жазғы семестрге қалады. Бұндай жағдайда практиканы ақылы негізде жеке оқу жоспарына қосып  өтеді. Егер практика өтілімін деканат  теориялық оқытумен қатар қойса, практика мерзімі екіге өседі.

Практика бойынша академиялық қарызы бар студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді және оқу жоспарын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.

Кәсіптік практика баарысында білім алушылардың міндеттері :

- кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толығымен орындау, күнделік жүргізу;

- кәсіпорында, ғылыми-зерттеу ұйымында, мекемеде, ұйымда, мектепте қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

- барлық тапсырмалардың орындалғаны жайында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшісі қол қойған жазбаша есеп пен күнделігін университет тараапынан тағайындалған жетекшісіне ұсыну.

Білім алушы кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға құқылы.

г.Шымкент, общая средняя школа №102 Студентка группы БГп-116 специальности 5В011300 - Биология Шыныбек Салтанат Кайраткызы в ходе « Производственной практики»

Image

г.Шымкент, общая средняя школа №102 Студентка специальности 5В011300 - Биология Кузембай Айдана в ходе "Производственной практики"

Image

Тюлькубасский район, общая средняя школа имени С.Сейфуллина Студентка специальности 5В011300-Биология Кошер Райкуль Алтынбековна в ходе «Производственной практики» на «неделе химии и биологии»

Image

Юго-Западный научно-исследовательский институт «животноводства и растениводства» Студенты группы БГг - 117 специальности 5В060700 – Биология в ходе «Производственной практики»

Image

Во время учебной практики «по Генетике» сотрудник «Юго-Западный научно-исследовательский институт животноводства и растениводства» д.б.н., профессор Ж.Паржанов проводит лекцию

Image

29.01.2021 г. состоялась конференция по закреплению производственной(педагогической) и преддипломной практики, которая было организована заведующим кафедрой «Физическая культура и спорт» Кунарбаевым Ж. У. и руководителем практики Акылбек Ж. Н.

Image

Абубакир Олжас Абжаппарович СШ им. С.Ерубаева, Шардаринский район

Image

Махкамов Бунед Шерзадович СШ № 6 им. С.Кирова, Сайрамский район.

Image

Камалдин Алишер Бердибекович Школа-лицей №110, п. Жанакорган.

Image

Садибек Кадырбек Каппарбекович СОШ № 83 им. А. Байтурсынова, Сайрамский район

Image

ПП-115 тобы студенттерінің іс-тәжірибе барысы

2.png
4.png

БО-115 тобы студенттерінің іс-тәжірибе барысы

5.png
6.png

БО-115 және ПП-115 топ студенттерінің іс-тәжірибелерінің қорытынды  конфренциясы

7.png

Контакты

Адрес: г. Шымкент,
Каратауский район, Тассайский подрайон,
улица Жибек жолы, земельный участок №6
Индекс: 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Почта: shu2050@mail.ru
Image

Полезные ссылки

Схема проезда

© 2001 - 2023 Шымкентский Университет

Информация:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: +7 747 412 95 91

English Turkish