«Болашақ мамандарға инклюзивті білім беру - қоғам қажеттілігі» ғылыми-әдістемелік семинары
04 қазан 2023 жылы «Педагогика және психология» ғылыми-зерттеу институты және «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
«Болашақ мамандарға инклюзивті білім беру - қоғам қажеттілігі» ғылыми-әдістемелік семинарға «Педагогика және психология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, п.ғ.к. Қ.Ибрагим, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Г.Оспанова, Д.Тавбаева және арнайы кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Абжаппарова зағип оқырмандарға жайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын жабдықтармен, жаңа форматты кітапханалық қызмет түрлерімен зағип оқырмандарға ыңғайлы және дағдыларын дамытуға арналған түрлі залдар мен бөлімдермен танысты.
Ғылыми-әдістемелік семинар барысында арнайы кітапхананың «Технология» бөлімінің меңгерушісі Е.Бакиев Брайль әліпбиінен бастап түрлі тифлоқұралдарды сонымен қатар брайль қарпіндегі кітаптарды студенттерге кеңінен таныстырып, техникалардың қолдану тәсілдерін көрсетіп, студенттердің қызығушылығын арттырды. Л. Брайль және А.Қасымов залдарын студенттерге ерекше әсер қалдырды, онда олар Брайль шрифтінің негіздерімен танысып, тіпті оны оқуды үйренуге тырысты.
Болашақ мамандардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысында Қ.Ибрагим, Г.Оспанова және Д.Тавбаева инклюзивті білім беруге болашақ мамандарды кәсіби даярлауда теориялық алған білімдерін практика қолдану мәселелері жөнінде пікірлерімен бөлісіп, көкейкесті екендігін көрсетті. Сонымен қатар осы секілді ғылыми-әдістемелік іс-шараларды болашақта бірлесе атқаратындығын атап өтті.
Қорытындылай келе, зағиптарға арналған кітапхана және жоғары оқу орындарының инклюзивті қоғам құрудағы ынтымақтастығы одан әрі жалғаса беретіндігіне сеніміміз мол.