б.ғ.д., профессор Исаева Ақмарал Умирбекқызы Шымкент университетінің профессор-оқытушы құрамына ғылыми семинар өтті.


2023 жылдың 22 қыркүйек күні «Экология және биология» ғылыми-зерттеу институтының директоры б.ғ.д., профессор Исаева Ақмарал Умирбековнаның жетекшілігімен «Конкурсная документация на грантовое финансирование по научным и (или) научно-техническим проектам на 2024-2026 годы» тақырыбында семинар өтті. Ғылыми семинарда зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге жалпы шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңалығының негіздемесі және жобаның күтілетін нәтижелерін белгілі қолда бар аналогтармен салыстыру керек екенін түсіндіріп өтті. Жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейіне, ғылыми-техникалық әлеуетіне, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігіне, жоба нәтижелерінен күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерге, күтілетін нәтижеге аса мән беру керектігін айтып өтті. Сонымен қоса конкурстың мақсаты – ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы стратегиялық маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу болағандығы аталып өтті. Ғылыми - техникалық жобалар бойынша қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің шарттары мен қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмысы болды.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish