28 сәуір күні "Қазіргі ғылымдағы жастар: ғылымды дамыту мәселелері мен болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жаңаша-креативті ойлаушы мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген жас ғалымдардың басын қосу, жас ғалым-педагогтарға диалогтық орта құру, жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру және шығармашылық ойлауды қалыптастыру, оларды ғылым мен білімдегі өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру және жастар ғылымын жаңа жағдайда дамыту мәселелерін талқылау Дөңгелек үстелдің міндеттері: -ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету -жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қолдау мәселелерін айқындау -жастардың ғылыми қызметін насихаттау Дөңгелек үстел барысында қонақтар мен профессор – оқытушылар құрамы мен студенттер жастар ғылымын дамыту мәселелерімен байланысты өз пікірлерін айтты. Іс-шараға қатысқан қонақтар: Уалиханова Баян Сапарбековна, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, КеАҚ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Абдуразова Перизат Адилбековна, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Интернационалдандыру офисінің басшысы Бекбенова Айгерім Рыскулбековна Орталық-Азия инновациялық университеті, химия ғылымдары бойынша PhD Полатбекова Гаухар Арипжановна, Мирас университеті, Магистр аға оқытушы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм бөліміннің бас маманы Бердиева Карашаш Абдыкасымқызы Дөңгелек үстел мазмұнды, ғылыми негізделген, дәйекті болды, өте қызықты болды, жастар ғылымын дамытудың өзекті мәселелерін қамтыды. Модератор: магистр, аға оқытушы Белгібаева Гүлнұр Абубакирқызы қатысушылардың барлығына дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.Іс-шара соңында қонақтарға ректордың атынан Алғыс хат табысталды.
Байланыстар
Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс: 160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс: 160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru
Пайдалы сілтемелер
Portal
Бакалавриат
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Кітапхана
Оқу процесі
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Ішкі нормативтік құжаттар
Академиялық ұтқырлық
Білім беру бағдарламалары
Тіркеу-офисі
Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімі
Шымкент университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі диплом үлгісі
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Кітапхана
Оқу процесі
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Ішкі нормативтік құжаттар
Академиялық ұтқырлық
Білім беру бағдарламалары
Тіркеу-офисі
Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімі
Шымкент университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі диплом үлгісі
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі