Түркістан – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа орталығы
Түркістан қаласында «Түркістан: Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы» тақырыбында екінші Орталық Азия – Корея жергілікті өзін-өзі басқару ынтымақтастығы форумы өтті. Ауқымды шараға Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінен, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ресми делегациялар қатысты.
Аталған форум — өңірлік байланыстарды нығайтуға, халықаралық серіктестікті дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң. Жиын барысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін талқылап, өзара тиімді серіктестік орнату жолдарын қарастырды.
Форум аясында келесі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды:
Бұл форум Түркістанды тек тарихи-мәдени орталық ретінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық серіктестіктің маңызды платформасы ретінде танытты.

- Түркістан: Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы;
- Жергілікті дипломатия – тұрақты халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде;
- Аймақтардың инвестициялық және экономикалық әлеуеті;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы кооперация;
- Туризмді дамыту мәселелері;
- Білім беру, кадрлар алмасу және келешек буын менеджерлерін даярлау.