“МЕКТЕП ПЕН ЖОО-ның ИНТЕГРАЦИЯСЫ - ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ”
Шымкент университетінің “Математика және информатика” кафедрасы мен “Қазақстан Педагогикалық Академиясы” корпоративтік қоры бірлесіп, 2024 жылдың 6 қарашасында Шымкент қаласында 4-11 сынып оқушыларына, университеттің және колледждің жас ғалым, жас зерттеуші және жас өнертапқыш студенттеріне (білімпаз, ізденімпаз, жасампаз) арналған “МЕКТЕП ПЕН ЖОО-ның ИНТЕГРАЦИЯСЫ - ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ” тақырыбындағы жас ғалымдардың жобалар шеруі атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы офлайн/онлайн режімінде өтті. Республикалық конференцияға университет пен колледждің 1-4 курс студенттері мен жас ғалымдары қатысты.



