“Отандық селекцияны қолдану арқылы жас аралар мен ұрық аналықтарын өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру” атты семинар
21 қарашада Шымкент университетінің “Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасы мен TOO “GLOBAL BEE” компаниясының ұйымдастыруымен “Отандық селекцияны қолдану арқылы жас аралар мен ұрық аналықтарын өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру” атты семинар болып өтті. Семинарда ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы бойынша маман Руковицын И.И. “Ара шаруашылы өнімдерін қайта өңдеудің заманауи әдістері”, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ”Ветеринариялық санитария” кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Мустафина Р.Х. “Ара ауруларының алдын алу және емдеуде TOO “NFT-KATU” биоөнімдерін пайдалану”, “Халықаралық сапа стандартына сай келетін ара шаруашылығы өнімдерін алу үшін көп корпусты жүйені тиімді пайдалану” тақырыбында “Демидов” ШС басшысы Демидов В.А. презентацияларын қорғап, пікірталас жүргізді.
