Студенттік ғылыми үйірме!
2025 жылдың 1 қазанында Шымкент университеті бойынша Студенттік ғылыми қоғамның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша Құқық және тарих кафедрасының "Q& Tar Club» үйірмесі және Бизнес және басқару кафедрасының «Жас экономист» үйірмесі болып өтті. Үйірме отырысында: "Q& Tar Club» үйірмесі бойынша «Тарихтағы әділетсіз сот істері» және «Қасым ханның қасқа жолы», «Құқықтық реформалар тарихы (КСРО – Қазіргі Қазақстан)» тақырыптары бойынша пікірсайыстар мен «Мен әділдік қайдан іздеймін?» тақырыбында эссе/мақала байқауы мен интеллектуалды ойындар болды. «Жас экономист» үйірмесі бойынша «Білімге ақша жұмсау керек пе? Дипломға инвестицияның қайтарымы» және Қазақстан жастары жаһандық еңбек нарығында: кету керек пе, қалу керек пе?» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды және сұрақ-жауаптар мен пікірталастар ұйымдастырылды.