«Түркістан облысындағы ағынды суларды тазарту мәселелері»
Оңтүстік Кореяның «FParma» ұйымының өкілдерімен онлайн дөңгелек үстел
Оңтүстік Кореяның «FParma» ұйымының өкілдерімен онлайн дөңгелек үстел
2025 жылдың 30 қыркүйегінде Шымкент университетінде Түркістан облысындағы ағынды суларды тазарту мәселелеріне арналған онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Оңтүстік Кореяның «FParma» ұйымының өкілдері, ауылдық университетінің профессорлары И-Чжон-Ми және Mr Car мырза қатысты. Бұл 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан қаласында өткен 2-ші Оңтүстік Корея-Қазақстан форумынан кейінгі екінші кездесу болды. Талқылауға Шәкәрім университетінің (Семей), Астана IT университетінің (Астана), М.Әуезов атындағы университеттің (Шымкент) профессорлары және Шымкент университетінің (Шымкент) жас ғалымдары қатысты. Ынтымақтастық және бірлескен ғылыми жобалар туралы меморандумдарға қол қоюмен қатар бірлестік ғылыми кездесулер жоспарлануда.