Филология кафедрасының «Жас лингвист» студенттік үйірмесінің отырысы өтті
2025 жылғы 9 қазан күні Филология кафедрасының «Жас лингвист» атты студенттік үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және филология ғылымына деген қызығушылығын арттыру болды.
Отырыста студенттер келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:
Баяндамалар барысында қатысушылар әдебиет пен тілдің қоғамдағы рөлі, көптілді білім берудің өзектілігі және жастардың рухани дамуы төңірегінде мазмұнды пікір алмасты.
Отырыстың соңында кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми қызығушылығын жоғары бағалап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

- «Б. Нұржекеевтің шығармаларындағы әйел, ана бейнесін бейнелеу»
- «Көптілді білім беру: танымдық даму және жаһандық мүмкіндіктер»
- «Әдебиеттің XXI ғасырдағы жастардың рухани-адамгершілік қалыптасуына әсері»
Баяндамалар барысында қатысушылар әдебиет пен тілдің қоғамдағы рөлі, көптілді білім берудің өзектілігі және жастардың рухани дамуы төңірегінде мазмұнды пікір алмасты.
Отырыстың соңында кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми қызығушылығын жоғары бағалап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
- Мұндай кездесулер студенттердің ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, болашақ зерттеушілердің кәсіби дамуына жол ашады.