Шымкент университетінде 11-сынып оқушылары арасында химия, биология және география пәндері бойынша Пәндік олимпиада өткізілді.

2023 жылдың 26 сәуірінде Шымкент университеті «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкеннт қаласының 11-сынып оқушылары арасында химия, биология және география пәндері бойынша Пәндік олимпиада өткізілді.

Пәндік олимпиадалар – мектеп пәндерін оқуға қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға ықпал ететін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың жарысы

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасындағы білім мен ғылым аясын кеңейту, инновациялық ғылыми-зерттеулерді қалыптастыру, оқушыларды білімге, шығармашылыққа тарту.

Олимпиадаға қатысу арқылы оқушылар: химия, биология пәндері бойынша алған  білімдерін жинақтап, деңгейін көтеру, зерттеушілік біліктерін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыра  алады.

Пәндік олимпиадаға Шымкент қаласының: О.Жолдасбеков атындағы №9 IТ-лицей, №79 жалпы орта мектеп, №66 жалпы орта мектеп, Ә.Молдағұлова атындағы №29 орта мектеп, №67 жалпы орта мектеп, О.Жандосов атындағы №30 орта мектеп, №135 жалпы орта мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

Пәндік Олимпиада жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің тағайындаған жүлделі орындарымен әр мамандық жеке-жеке марапатталды және университеттің сыйлықтары табыс етіледі:

I орын – Университеттің 100% төлем гранты, дипломмен марапатталады (Химия – 1 оқушы).

II орын – Университетің 50% төлем гранты,  дипломмен марапатталады (Химия – 1 оқушы, Биология – 1 оқушы).

III орын – Университетің 30% төлем гранты,  дипломмен марапатталады (Химия – 1 оқушы, Биология – 1 оқушы, География – 1 оқушы).

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы