Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
«Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми-зерттеу институты
2020-2019 оқу жылында Шымкент университетінің базасында «Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми-зерттеу институты құрылды.
ҒЗИ келесі мекен-жайда орналасқан: Байтұрсынов көшесі 74А№
ҒЗИ материалдық базасы:
Ауданы: 40 ш.м. үстелдер саны -7, орындықтар - 24. Компьютерлер саны-5. Шкафтар саны-9. Интерактивті тақта-1.
«Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми зерттеу институты - Шымкент университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыратын құрылымдық бөліп болып табылады.
«Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми зерттеу институты бөлімі өз қызметіне Қазақстан Республикасының күші бар заңдарын,ҚРБЖҒМ-нің нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
«Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми зерттеу институты келесі қызметтерді орындайды:
1 Университеттегі барлық қызметкерлердің, білім алушылардың ғылыми, ғылыми-өндірістік және инновациялық іс-әрекеттерін үйлестіреді;
2 Фундаментальді, қолданбалы, ізденістік ғылыми жұмыстарды біріктіре отырып координациялайды.
3 Фундаментальді, қолданбалы, ізденістік тақырыптарды жаңа және жоғары деңгейде жүргізеді;
4 Ірі ғылыми мәселелерді шешуді ғылыми орталықтармен және өндірістік мекемелермен келісім шарт негізінде ғылыми ынтымақтастықты орнатады;
5 Университеттің ғылыми-зерттеу базасын нығайтуды және басқа зерттеу орталықтармен байланысты күшейтеді;
6 Университет бөлімдерін күтілімдегі ғылыми-зерттеу мәселелерімен уақтылы хабардар етеді.
Сондай-ақ ҒЗИ экономикалық мамандықтар магистранттары үшін эксперименттік база болып табылады.
«Аймақтың экономикалық мәселелері»
Ғылыми зерттеу институтының штаттық құрамы
№ |
Аты-жөні |
қызметі |
Ғылыми дәрежесі, атағы |
жүктеме |
|
штаттағы |
Қосымша штаттағы |
||||
1 |
Куашбай Саттар |
Директор |
э.ғ.д., профессор |
1.0 |
|
2 |
Шалабай Исмаилбек Ибраимович |
Жетекші ғылыми қызметкері |
э.ғ.д.,, профессор |
1,0 |
|
3 |
Умбиталиев Алтынсары Дуйсембекович |
Аға ғылыми қызметкері |
э.ғ.д., профессор |
|
0,5 |
4 |
Абдикеримова Гульжанар Иманбаевна |
Ғылыми қызметкері |
э.ғ.к., доцент |
|
0,5 |
5 |
Умбеталиев Нүрдаулет Алтынсарыұлы |
Кіші ғылыми қызметкері |
э.ғ.к., аға оқытушы |
|
0,5 |
6 |
Лутфуллаева Рано Ахмеджановна |
Жоғары білікті маман |
э.ғ.к., аға оқытушы |
|
0,5 |
Штаттағы ОПҚ саны: 6
Ғылым докторы, профессор: 3
Ғылым кандидаты, доцент: 1
Ғылым кандидаты, аға оқытушы: 2