АҚПАРАТТЫҚ ШАҚЫРУ ХАТЫ


Image
АҚПАРАТТЫҚ ШАҚЫРУ ХАТЫ
 
«Ғылым және білім: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
 
20 сәуір 2022 жыл

 

  1. Жалпы ережелер

«Ғылым және білім: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру комитеті Сіздерді конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияны ұйымдастырушы: Шымкент университеті, Ғылым және халықаралық қатынастар департаменті.

Конференцияның мақсаты: зерттеу жұмысының нәтижелерін талқылау; жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту; оқу орындары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату.

Конференция тілі: Барлық мақалалар қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына қабылданады.

Өтетін жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 225 квартал, 426 ғимарат. Шымкент университеті, Ғылым және халықаралық қатынастар департаменті.

Өтетін күні: 20 сәуір 2022 жыл.

 

  1. Мақсатты аудитория

Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттері, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары.

 

  1. Конференцияның ғылыми бағыттары
  2. Әлеуметтік ғылымдар (тарих, құқықтану, экономика, саясаттану).
  3. Жаратылыстану (биология, экология, география, физика, химия).
  4. Филология (шет тілдері, қазақ және орыс тілдері, әдебиет).
  5. Математика. Есептеу техникасы. Бағдарламалау.
  6. Педагогика және психология.
  7. Дене шынықтыру.

 

  1. Өтілу шарттары

Конференция аралас форматта өтеді: дәстүрлі офлайн түрінде Шымкент университетінің жиналыс залында және онлайн, ZOOM бағдарламалық платформасында (қосылу деректері кейінірек көрсетіледі).

Басылымның құны 5000 теңге. Конференция соңында барлық қатысушылар электронды нұсқасы мен қатысу сертификатын алады.

Шетелдік ғалымдар үшін мақалалар мен электронды жинақ тегін.

Электрондық жинақ - 1000 теңге.

 

Банк реквизиттері:

«Kaspi Bank» АҚ,    KZ48722С000019485526,

Карта номері 4400 4301 1039 6717 (төлем жасаған кезінде бірінші автордың Фамилиясын көрсетіңіз). Моб. тел.: +7 707 8705401.

 

Конференцияға қатысу үшін конференцияны ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 12 сәуірге дейін өтініш пен мақаланы Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштаға жіберу қажет.

Ұсынылған материалдар конференцияның негізгі бағыттарына сәйкес келуі керек. Мақаланың мазмұнына авторлар жауап береді.

Ұсынылған материалдар конференция жинағына жариялау үшін ұйымдастыру комитеті материалдарды таңдау және талқылау құқығын өзіне қалдырады. Егер мақала бір аптаның ішінде жариялауға қабылданса, автор өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарланады. Жариялаудан бас тартқан жағдайда материалдар қайтарылмайды.

Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жіберілген материалдар қарауға қабылданбайды.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

  1. Өтініш (1 -қосымша)

Файл атауы: Конференцияның ғылыми бағытының №_бірінші автордың фамилиясы_өтініш. Мысалы: 6_Иванов_ өтініш.

Өтініште «Аннотация» жолы міндетті түрде толтырылады. Конференцияға ұсынылған жұмыстың мәнін бірнеше сөйлеммен қысқаша сипаттау қажет. Есептердің мазмұны туралы алдын ала хабарлау оларды аудиторияның үлкен қызығушылығын тудыратын және құзыретті қазылар алқасы бағалайтын бөлімдердің жұмысына қосуға мүмкіндік береді.

  1. Мақала (2-қосымша)

Файл атауы: Конференцияның ғылыми бағытының №_бірінші автордың фамилиясы_өтініш. Мысалы: 6_Иванов_ өтініш.

Мақалаға қойылатын талаптар:

Материалдар Windows үшін Microsoft Word мәтіндік редакторында орындалуы керек. Жұмыс көлемі 3 беттен аспауы тиіс. Бет форматы – A4 (210*297мм). Беттердің бағыты – кітап. Шеттер: сол, оң, жоғарғы, төменгі – 2 см. Қаріп форматы: өлшемі – 12; түрі – Times New Roman; жол аралығы – бір, абзац – 1 см.

Мақаланың жоғарғы сол жағында ӘОЖ жазылады. МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ (бас әріптермен, қалың, жолдың ортасына туралау); келесі жолда – авторлардың инициалдары мен тегі (қою курсивпен, оң жаққа туралау); келесі жолда – лауазымы, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі көрсетілген ғылыми жетекшінің инициалдары мен тегі (курсивпен, оң жаққа туралау); келесі жолда – оқу орнының қысқартылған ресми атауы, елді мекен (курсивпен, оң жаққа туралау) жазылады.

Келесі жолда мақаланың мәтіні жазылады.

Библиографиялық тізім міндетті болып табылады және мақаланың соңында автоматты түрде нөмірлеуді пайдаланбай нөмірленген Библиографиялық тізім бөлімінен кейін орналастырылады. Мәтіндегі сілтемелер библиографиялық тізімнің сәйкес көзіне төртбұрышты жақшамен форматталуы керек, мысалы [1]. Автоматты бет сілтемелерін қолдануға рұқсат етілмейді.

 

  1. Байланыс ақпараты

160000, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 225 кв., 426 ғимарат, Шымкент университеті, Ғылым және халықаралық қатынастар департаменті, 229 кабинет.

Жауапты тұлға: Тастанбекова Гүлнәр Рақымбердіқызы, тел.: +77472872640,

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

1 -қосымша

 

«Ғылым және білім: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына
қатысуға өтінім
 
20 сәуір 2022 ж.

 

Аты жөні

 

Жұмыс орны (толық атауы), лауазымы

 

Оқу орны (толық атауы)

 

Курс (сынып)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық пошта (қажет болған жағдайда марапаттау материалдары жіберілетін электрондық пошта мекенжайы)

 

Доклад тақырыбы

 

Ғылыми бағыт (нөмірі мен атауын көрсетуімен)

 

Ғылыми жетекші (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, жұмыс орны)

 

Қатысу формасы: күндізгі (басылыммен / басылымсыз) / сырттай

 

Сөз сөйлеу үшін қажетті жабдықтар

 

Жұмыс аннотациясы

 

 

 

 

2 -қосымша

 

Мақаланың үлгісі

 

ӘОЖ 372.8:718

 

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

 

А.И.Рыль

магистрант

Шымкент университеті, Шымкент қ.

 

 

Пандемия дәуірінде көптеген оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшті [1].

 

Библиографиялық тізім

  1. Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей. - М.: Академия, 2018.- 320 б.

 

 

 

 

Біздің конференцияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
 
Ынтымақтастық күтеміз!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61