«Экология және биология»  ғылыми зерттеу институты

        «Экология және биология»  ғылыми зерттеу институты 2012 жылдың  бірінші ақпанында «Биология» мамандығының студенттері мен университеттің жас мамандарының ғылыми ізденіс жұмыстарын қамтамасыз ету және ғылыми зерттеу, білім беру үрдістерін өз-ара ұштастыру мақсатында университет ректорының   № 16 01.02.2012 жылғы бұйрығымен ашылған. Ғылыми зерттеу институтындағы зерттеу жұмыстары биология, микробиология, биоэкология, биотехнология, ауылшаруашылығы салалары бойынша  Ұлттық ғылыми-техникалық  ақпарат орталығында ресми тіркелген ғылыми тақырыптар бойынша жүргізіледі.

        Институт қызметкерлері құрамында 4 ғылым докторлары , 12 ғылым кандидаттары бар.  Зерттеу бағыттары;

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы дендрофлорасының экологиялық мәселелерін шешуге қажетті биологиялық препараттар алу;
  2. Скорзонера таусағыз өсімдігін жазықтық егістігінде өсіру технологиясын түзу;
  3. Дәрілік өсімдіктердің потенциалын пайдалану арқылы гемостатикалық биоперпараттар өндіру технологиясын түзу.
  4. Полиметалл қалдықтарынан құнды компоненттерді биологиялық шаймалау.
  5. Жасыл балдырлар, микроорганизмдер және фосфор өндірісінің қалдықтары негізінде био тыңайтқыштар алу.
  6. Мұнаймен ластанған топырақты, суды тазарту.
  7. Дәрілік өсімдіктер мен құрамында тұзы бар шикізат негізінде органикалық косметологиялық өнім өндіру.

ЭжБ ҒЗИ базасында жалпы сомасы 32400000 теңгеге АР05131728 "Отандық құрамында тұз бар және өсімдік шикізатының фармакологиялық зерттеулері негізінде жаңа косметологиялық өнімді өндіру технологиясын әзірлеу және оның прототиптерін алу" (2018-2020) гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы орындалуда. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 патент, Скопус базасында 4 мақала, БҒСБК ұсынған журналдарда 4 мақала, өндіріске енгізудің 4 актісі алынды. Косметологиялық өнімді алудың технологиялық схемасы әзірленді, косметологиялық өнімнің 15 прототипі алынды (ванналарға арналған тұздар, скрабтар, маскалар, ауызды шаюға арналған құралдар). Косметологиялық өнімдерді қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді.

ҚР БҒМ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімдер берілді.

Институттың ғылыми достастық байланыстары. Институт Өзбекстан (Биохимиялых ғылыми-зерттеу институты), Ресей (Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті), Германия (Аахен университетінің микробиологиялық зерттеу институты) және Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет) елдерінде белгілі зерттеу институттарымен ғылыми достастық байланыста. Аталған ғылыми тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерінің өндіріске ендірілгені актілер арқылы нақтыланған, ал зерттеулерден алынған ғылыми жаңалықтарына Қазақстан Республикасының 10 инновацялық патенттері алынған. Скопус базасында 5-тен астам мақала, ККСОН ұсынған журналдарда 30-дан астам мақала жарияланды. 20-дан астам монография жарық көрді. Аталған ғылыми тақырыптар аясында биология бакалаврының академиялық дәрежесіне 70-тен астам дипломдық жұмыс, биология магистрінің академиялық дәрежесіне 15-тен астам диссертация және биотехнология бойынша PhD дәрежесіне 2 диплом қорғалды.

Материалдық-техникалық база

Шымкент университетінің "Экология және биология" ғылыми-зерттеу институты

№ п/п

Жабдықтың атауы

Сериялық нөмірі

Шығарылған жылы

Жабдықтың суреті

1

Құрғақ ауа электрлік термостаты ТС-1/80 СПУ Ресей

32228

2010

 

2

Кептіргіш шкаф Беларуссия

38904

2010

 

3

Микроскоп –«Micros-МСХ-100» Anti-Mould тіркеу камерасы бар Австрия өндірісі.

3-101752

2013

 

4

Микроскоп МИКМЕД-5. ЛОМО. Ресей. СПб.

ХТ-0169

2005

 

5

Фармацевтикалық тоңазытқыштар Ресей

05705

2019

 

6

Аквадистиллятор элекрлік Liston

15150

2010

 

7

Шейкер Армед

 

1048701

2010

 

8

Бу стерилизаторы ВК-75-01 ПЗ

(жартылай автоматты)

 

1210

2013

 

9

Cтерильді құралдарды сақтауға арналған ультракүлгін камера"УФК-2"

00107

2010

 

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish