1-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫ

 

Шымкент университеті мектеп оқушылары арасында «Жас зерттеуші» атты зерттеу жұмыстарының конкурсын жариялайды. Байқауға Шымкент қаласы және Түркістан облысы мектептерінің оқушылары қатыса алады.

«Жас зерттеуші» зерттеу жұмыстарының конкурсы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың зерттеу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Қазіргі кездегі білім берудің басты міндеті-оқушыны таным әдістерімен қамтамасыз ету, танымдық тәуелсіздікті қалыптастыру.

Оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту мақсаттылықты, еңбексүйгіштікті, ойлау дербестігін, ғылыми дүниетанымды дамытуға ықпал етеді.

Конкурс номинациялары:

·        Зерттеу жұмысы: биология

·        Зерттеу жұмысы: география

·        Зерттеу жұмысы: шет тілі

·        Зерттеу жұмысы: ақпараттық технологиялар

·        Зерттеу жұмысы: тарих

·        Зерттеу жұмысы: өлкетану

·        Зерттеу жұмысы: әдебиет

·        Зерттеу жұмысы: математика

·        Зерттеу жұмысы: музыка

·        Зерттеу жұмысы: қоршаған орта

·        Зерттеу жұмысы: психология

·        Зерттеу жұмысы: робототехника

·        Зерттеу жұмысы: орыс тілі

·        Зерттеу жұмысы: қазақ тілі

·        Зерттеу жұмысы: физика

·        Зерттеу жұмысы: дене тәрбиесі

·        Зерттеу жұмысы: химия

Конкурс жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Әр қатысушыға қатысу сертификаты беріледі. Ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.

 

Қазылар алқасының мүшелері осы саладағы жетекші мамандар болып табылады, олар инновациялық зерттеулер жүргізетін және жас ғалымдарды қолдайтын ғылым докторлары мен кандидаттары.

 

Ғылыми жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

     Мәтін бір аралық интервалмен, 14 кегль, Times New Roman.

Жұмыста келесі тармақтар болуы керек:

- титулдық бет;

- мазмұны;

- теориялық бөлім;

- зерттеу объектілері мен әдістерін қоса алғанда, зерттеу бөлігі;

- қорытынды;

- әдебиеттер тізімі.

 

Рәсімдеу үлгісі 1-қосымшада ұсынылған.

 

Ұйымдастыру жарналары:

 

Электрондық сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар

1000 теңге

Қағаз түрінде

2000 теңге

Қазақстан бойынша поштамен тарату

1000 теңге

 

Жұмыстарды қабылдау электрондық форматта жүргізіледі. Жұмыстарды мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз nauka_shu@mail.ru. Қатысу өтінімін қосу қажет (2-қосымша).

Банк реквизиттері

АО Kaspi Bank,

KZ45722C000035077554,

карта нөмірі 4400 4301 9882 8870

 

Байланыс телефоны: 87083262596 

 

 

 

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish