«Құқықтану» кафедрасы
Image

 Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Бижан Нұрлан Рабханұлы

 

Т.А.Ә.: Бижан Нұрлан Рабханұлы

Ғылыми атағы: Заң ғылымдарының кандидаты

Туылған жылы: 12.09.1972

Білімі: 1990 -1995 гг. – Аль-Фараби атындағы КазҰУ, Алматы қ.

Мамандығы: 5В030100- Құқықтану

Еңбек өтілі: 15 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысы Ашық университеті «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» институты, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушысы, осы университеттің «Конституциялық құқық және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуминитарлық институты «Заң пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болған.

Қазіргі таңда, Шымкент университеті «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі.

 

Публикации:

254 ғылыми еңбек жазған, оның ішінде 6-монографиясы, 15-оқу құралы, Комитет ұсынатын басылымдарда - 16, Scopus Indexed Journals мәліметтер базасында енгізілген журналдарда - 4, қалған еңбектері отандық және шетелдік басылымдар мен халықаралық конференцияларда жарияланған.

 

Құқықтану кафедрасы  бакалавриат бағдарламасы негізінде «6В042-Құқық» даярлау бағытымен 6В04201-«Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды.

Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты – 5В030100 – Құқықтану/ 6В04201-Құқық білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан білім алушыларды құқық саласы бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, кәсіби біліктілігі мен бәсекелестігі жоғары және тиімді құқықтық қызмет атқаратын мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталады. Кафедраның профессор-оқытушы құрамының басты мақсаты – қазіргі заман талабына сай, білікті мамандар дайындау. Кафедраның кадрлық потенциалы «Құқық» білім беру бағдарламасы  бойынша белгілі ғылым докторлары және ғылым кандидаттарынан құрылған.

Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет  түрлері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында ұйымдастыру-басқару қызметі; ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот мекемелері және т.б органдарында құқық қорғау қызметі; заң кеңесшісі, адвокат есебінде заңдық және кеңес беру қызметі; орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.

5В030100 – Құқықтану/ 6В04201- Құқық білім беру бағдарламасы бойынша  бітірушілерге «Құқық бакалавры» дәрежесі беріледі.

«Құқықтану» кафедрасының оқытушы – профессор құрамы

«Құқықтану» кафедрасының оқытушы – профессор құрамы

ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы: «Криминалистика және сот сараптамасы ғылымдарының ІІО қызметіндегі орны мен маңыздылығы» атты республикалық дөңгелек үстел

Image

Шымкент қ. Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Е Рахманберді мырзаның қатысуымен «Азаматтық дауларды сотқа дейін медиация арқылы шешу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Image

Шымкент қалалық Абай аудандық сотымен "Отбасы және неке" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Бижан Нұрлан Рабханұлына ғылыми атақтар қауымдастырылған профессор (доцент,
профессор) беру ережесіне 1-қосымша және хаттама көшірмесі

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish