«Дұрыс бағыт – дұрыс жол» атты белсенді жастармен дін жөніндегі сұхбат кеші өткізілді.

Шымкент университеті, Жастар ұйымы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған «Дұрыс бағыт – дұрыс жол» атты белсенді жастармен сұхбат кеші өткізілді. Іс-шарада қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі дін жолында көптеген жастар адасып басқа бағытқа түсіп кетіп жатыр, соның алдын алу үшін жастарымызға дұрыс бағыт бағдар беру үшін, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы: Қыпшақбаев Рауан Мұхитұлы және Шымкент қаласының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы: Уалихан Самат Шоқанұлы, арнайы шақырылды.
Image
Image
Image
Image
Image

Студенттерді денсаулықтарын сақтандыру бойынша кездесу кеші өткізілді.

Жастар ұйымының, ұйымдастыруымен белсенді жастардың денсаулықтарын сақтандыру бойынша іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда денсаулыктарын сақтандыру бойынша көпшілік адамдар өзіндік қауіпсіздіктерді біле бермейді. ЖШС «РайМед» Медицина орталығының бас дәрігері: Кульбаева Жанат Жұмабаева және Бас дәрігердің орынбасары Швамбер Алина Анарбайқызы іс-шарада барлығын түсіндірдіжәне студенттер өзіндік алғыстарын білдірді.

«Тарихтан тағылым» атты тақырып аясында, әлеуметтік жоба аясында кездесу өтті.

Шымкент университеті, Жастар ұйымы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурсттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым» атты  тақырып аясында әлеуметтік жоба, кездесу кеші өтті. Жас мамандардың білімге, ана тіліне, ел тарихы мен көрнекті қайраткерлердің танымдық қызығушылығын арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараны, Тарих ғылымдарының докторы, профессор: Найманбаев Бекмұрат мырза өз білімдерімен бөлісті және модератор: Абжан Темірхан мырза іс-шараның, тақырып мазмұнын түсіндіріп таныстырды. 
Image
Image
Image
Image
Image

9 мамыр – Жеңіс күніне орай, «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты іс-шара өтті.

Қазақ  халқының атаулы мейрамдарының бірі, Ұлы Жеңіс күнін тойлау атадан балаға, баладан жағаға, Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мерекелердің бірі. Бұл жеңіс біздің қан майданда жан кешкен ата бабаларымызды еске алу және біздің осындай бейбіт күнге жеткізгендеріне мың алғыс айтып, тағзым ететін күн!

Бүгін университет ішінде Филалогия кафедрасы, орыс тілі мамандығы, Тәрбие бөлімі және Жастар ұйымының белсенді жастары іс-шараға белсене қатысып, өздерінің дайындаған өнерлерін  көрсетіп, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ көк байрағын қолдарына алып, бабалар рухына арнап сап түзеп, университет алаңында әуендетіп қадам басты .

«Діни экстремизмнің алдын алу және сергектік» атты белсенді жастармен сұхбат кеш өткізілді.

Жастар ұйымының, белсенді студенттеріне, Дін танушы, теолог: Тайтелиев Файзулла Тәжімұхаммедұлы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада жастарды тероризм тобы қылмыстық топ екенін және қазіргі жастардың ұялы байланыс арқылыда теріс жолға түсіп жатқандығын түсіндірді.Белсенді жастар өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық  жауап алды.  
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Ислам – терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен және Шымкент университетінің белсенді жастарының қатысуымен  «Өнер» бөлімінде «Ислам- терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті. Алдымен шараға келген қонағымыз кітапханамен және Муфтият бұрышымен танысты.

Іс-шараға Әл-Біләл мешітінің найб имамы Жандәулет Садырбай мырза жастармен ИСлам діні жайлы, қоғамда орын алып отырған терроризм жайлы айта келіп көпшілікті діни сауаттылыққа шақырды.

Шымкент университетінің белсенді жастары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, сұрақтарына толық  жауап алып, келген қонақтармен сұхбаттасты.

15 сәуір – Қозы Көрпеш Баян Сұлу ғашықтар күніне орай, «Бозбала мен Бойжеткен - 2023» байқауы өткізілді.

Шымкент қаласы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш Баян Сұлу  ғашықтар күніне орай, «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» атты байқауы өткізілді. Байқауға кастинг жарияланып, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 30-ға жуық жұп қатысуға ниет білдірді. Іріктеу бойынша  8 жұп келесі кезеңге жолдама алды. Шымкент университетінің, Жастар ұйымының белсенді жастары, Жарылқасын Айбек және Аюпхан Балнұр атты өнерлі жұптар қатысты. «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» атты байқауының, Ең өнерлі жұп деген номинация және көптеген құнды бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған жұптарға қолдау білдірген, Шымкент университетінің басшылығы, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымдары қолдау білдірді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Бүгін Халықаралық наурыз мейрамы, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымының белсенді жастарының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шаранаың барысында наурыз көже, бауырсақ, және тағыда басқа ұлттық тағамдар келген қонақтарға тарту етілді. Іс-шараны мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық бимен ашып берді. Жиналған көпшілік қауымға өз тілек, батасын беруге, Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент: Шингисбаев Бакытжан Маликович және Қазақстан еліне еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: Айтбаев Еркін мырзалар арнайы сөз, тілегіне шығып өз жылы лебізімен құттықтауын айтты. Іс-шара әрмен қарай ән, би шашуларымен жалғасты.

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Атаулы мейрам, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Тәрбие бөлімі және Жастар ұйымымен бірге  ұйымдастырып отырған Әзіл-сықақ және сатира театырында «Арулар – асыл жандар» атты арулардың құрметіне іс-шара өткізілді. Іс-шарамызды Шымкент университетінің ректоры: Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы аруларымызға арнайы тілек білдіріп, ашып берді. Шаншар театрының директоры Уәлибек Абдраймов өзінің қағытпа қалжыңымен, арнайы дайындаған интермедиясымен іс-шарамыз жалғасын тапты. Іс-шараның барысында Шымкент университетінің барша аруларын арнайы алғыс хаттармен гүл шоқтарымен марапаттады. Белсенді жастар, өз өнерлерін ортаға төгіп ортаны ән мен би шаттыққа бөледі.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне 92 жыл толуына орай « Есіңе мені алғайсың» атты іс-шара өткізілді.

Жастар ұйымының белсенді жастары, Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арнап Шымкент университетінің Жатақханасындағы студенттерге арнап іс-шара өткізді. Іс-шараның басын, мың бұралған биші қыздар ашып берген болса, әрмен қарай Мұқағали Мақатевтың өлең жолдарымен жалғасты. Қазақтың маңдай алды ақындарының бірі, Мұқағали Мақатевты еске алу кешінде, жатақхана меңгерушісі: Жетпісбаева Айсара Серікқызы, Педагог – тәрбиеші: Салтураеева Айгүл Орынбасарқызы, ханымдар ізгі тілегін білдіріп белсенді жастарға алғысын білдірді және Жастар ұйымы төрағасы; Мұса Бекжан жатақханадағы студенттерді белсенді болуға, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

 

Семей ядролықсынақ палигонының құрметті ардагерлермен кездесу өткізілді.

«QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында «AMANAT» партиясында          Семей ядролықсынақ палигонының құрметті ардагерлермен кездесу өткізілді. Ұлы Отан соғысына теңестірілген. Қазақстан Республикасының ардагері Тұранқұлов Абдурашид Байтураұлы және Ахметов Маханбетқали Мауленұлымен кездесу өтті. Оған Шымкент университетінің белсенді жастары қатысып, келген ардагерлермен сұрақ қойып, сұхбаттасып, естелікке фото суретке түсіп қайтты. «Қайсар» әскери-патриоттық жобасының мақсаты - жастар арасында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру. Отанымызға адал, жауапкершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Жиында сөз алған ардагерлер жастарға әскердегі өмір, еңбек тәжірибесі, өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, ақыл-кеңесін жеткізді. Патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта ардагерлерімізді медициналық жабдықтармен қамту, емдік-сауықтыру орындарына жолдамалар, коммуналдық шығындарды төлеу жеңілдіктерінің қызметтері ұсынылған. Сондай-ақ кездесу соңында атамыз ақ батасын да берді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Ауған соғысы – ұмытылмас ерлік» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Жастар ұйымы және кітапхана ұжымымен бірлесіп «Ауған соғысы – ұмытылмас ерлік» атты тақырып аясында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Смайлов Медетбай Есқазыұлы, Хамдов Айбек, Юнусов Мухамедали мырзалар және Жастар ресурстық орталығының мамандары, Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы және Ержан Ерғазы Нұрланұлы мырзалар іс-шарамыздың қонақтары болды. Белсенді жастарымыз келген ардагерлермен сұрақ қойып сұхбаттастып және өз өнерлерін келген қонақтарға тарту етті. Жастар ұйымы мен кәтапхана ұжымы келген қонақтарға арнайы сыйлықтарын тарту етті.

«Тау самалына саяхат» атты жастар ұйымының белсенді студенттерімен Тауға саяхат ұйымдастырылды.

Жастар ұйымының белсенді студенттерімен «Тау самалына саяхат» атты тақырып аясында тауға саяхатқа шықты. Тауға барған студенттер көңіл күйлері жоғары деңгейде көтеріліп, саяхатқа алып шыққан «ЖакеТау» және Жастар ұйымының жетекшілеріне ризашылығын білдірді. Белсенді жастардың, Тау самалына барып қайту қаражатымен қамтамасыз еткен, Шымкент университетінің басшылығына өз алғыстарын білдірді. 
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесу өтті.

Шымкент университеті және Авимед көпсалалы коледжімен бірге ұйымдастыруымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесу өтті. Іс-шарада Тәуелсіздігіміз қалай келгені, кімдер қатысты, желтоқсан оқиғасы туралы студентермен сұхбаттасты. Арнайы студенттерімізбен кездесуге Патриоттық қозғалыс "Желтоқсан ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ,төраға орынбасары: Оспанова Гүлмира Болатқызы және Мүшесі: Ибрагимов Талғат Садуақасұлы қонақта болды.  Келген қонақтарымыға арнай сыйлықтар табысталып, студенттер арнайы алғыстарын білдірді.  

“JasApp жастарға арналған мобильді қосымшасын презентациясын жастар арасында қолдау” өтті.

Шымкент университетінде “JasApp жастарға арналған мобильді қосымшасын презентациясын жастар арасында  қолдау” өтті.  Іс-шараның мақсаты жастарды дамыған заманмен бірге дамуына үлес қосу және жаңа бағдарламалармен жұмыстарын таныстыру. Студенттерге пайдалы, әрі тиімді «JasApp» мобильді қосымшасын студенттерге таныстырылды. Бағдаламаның ішінде студенттерге керектінің барлығы қамтамасыз етілгені жөнінде айтылды. Түсіндірме жұмыстарын  Албаев Мақсат Құлдықұлы менеджер мырза жүргізді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Дін және жастар» тақырыбы аясында іс-шара өтті.

Шымкент университетінде «Дін және жастар» тақырыбы аясында іс-шара өтті. Іс-шарада Діни экстремизмге қарсылық және нашақорлыққа қарсылық туралы дәріптеді. Яғни дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы; Уәлихан Самат Шоқанұлы қазіргі заманда тераризм өршіп тұрғаны және дін мәселелеріненде тура жолды дәріптеді. ГЦБЗ дәрігер нарколог; Жанмолдаев Ұлбосын Ертайқызы бүгінгі заманда нашақорлық өршіп тұрғанын айтты, яғни (темекі, арақ, калянь, электронды темекі және т.б) адам денсаулығына зиян келтіретін заттардан аулақ болуды айтты. Әлеуметтік  медициналық «Сақтандыру қоры»  КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы: Беден Ахмет Сисенбайұлы медицина қарқынды дамып жатқанын және ауруханадағы жағымды жаңалықтарымен бөлісті.

«Shym Qala» этно кешенінде «Этно-Шымкент» фесивалі өтті.

Шымкент қаласы, «Shym Qala» этно кешенінде «Этно-Шымкент» фесивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Жібек жолындағы халықтардың салт-дәстүрін, қол өнердің дәстүрлі түрлерін сақтау және дамыту, олардың беделін арттыру, халық шығармашылығының әртүрлі бағыттарын танымал ету болып табылады. Іс-шараның барысында қолөнер, кәдесый бұйымдарын жасау, ұлттық тағам түрлерінен масстер-класстар жасалды және бір қатар әншілер шақырылды. Бұл іс-шараға Шымкент университетінің жастары белсене қатысып, іс-шараның сәнін келтірді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image

ЖАСТАР ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ.

ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері Шымкент университетінде жастармен кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшелері Лазиз Сулайманов, Қайрат Имашмашев кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты мәселелерге тоқталды.

Атап айтқанда, олар жастар саясатының тұжырымдамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын, «Жастар үшін» емес, «Жастармен бірге» қағидасы негізге алынатындығын атап өтті.

Қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасы енгізілетіндігі де жайлы айтылды. Конкурстық негізде жаскәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі.

Штаб мүшелері студенттердің толғандығын сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын да тыңдады. Жастарды алда келе жатқан сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Жастардың діни танымдығын арттыру

Шымкент университеті және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Мақсаты: жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейрімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кері ағымдағы діндердің алдын алу.

Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, ҚМДБ Шымкент Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы және Шымкент университетінің студенттері белсене қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватсап) кез келген ақпараттарды лайк, коментария және теріс діни ағымдағы фото-видиоларды таратпауға кеңес берді.

Image
Image
Image
Image
Image

Зорлық – зомбылықтың алдын алу

Зорлық – зомбылықтың алдын алу

Бүгін жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Б.Мұса мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН жобасы аясында «Отбасы бақыты – өз қолыңда» тақырыбында консультациялық семинар – тренинг өткізілді. Іс-шарада «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы басшысы С.Байзахова мен практик – психолог А.Турсынбаева арнайы сөз сөйлеп, қатысушылармен пікір алмасты.

 

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Мақсаты - есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланылуының алдын алу.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Шымкент университетінің студенттері қатысты.

Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Өзін-өзі басқару жүйесі

Шымкент қаласы, Шымкент униврситетінде, Өзін-өзі басқару жүйесі бойынша оқу орындар арасында тәжирбие алмасу конференциясы болып өтті. Конференцияда Шымкент қаласындағы 8 университеттің, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары және белсенді студенттер қатысты. Бұл жиында жалпы университетіміздің ішінде ашылған ұйымдар және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы ой пікірлер айтылып, түрлі мәселелер қозғалды. Кәзіргі таңда, Жайдарман ойынымен, дебат ұйымдары, және волонтёр ұйымдарына аса көп көңіл аударылды. Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында жайдарман клубтары мен волонтёрлық клубтары, қарқынды дамуда. Университетімізде студенттерімізді дұрыс әрі сапалы білім беру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Тұсау кесер 2022» Шымкент университеті

Студенттік өмір! Талай тағдырды, талай жастарды табыстырған балғын шақ. Шымкент университетінің  ұйымдастыруымен өткен 1-ші курс студенттеріне арналған «Тұсау кесер 2022» атты іс-шара өтті. 2022 жылы Шымкент университетіне білім алуға түскен студент жастарына арналды. Іс-шараны салтанатты түрде ашып беру үшін Шымкент университетінің ректоры п.ғ.д., профессор; Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлына сөз кезегі берілді. Кешімізді керемет көңіл күйде жүргізу үшін арнайы Қабдол мен Жандос сынды өнер майталмандары қыздыра түсті және Әділет Жауғашар сынды әншілермен жалғасты. Студенттерге арнайы дайындалған ойындар ойнатылып, түрлі сыйлықтар табысталды.

«Республика күні» атты тақырып аясында челендж

         Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлады.Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, осы жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Осыған орай Шымкент университетінің жастары алғаш рет респулика күніне құттықтаулар айтып,басқа жоғары оқу орындарына челендж жолдады.
Image
Image
Image
Image
Image

«Тарихи күндер тізбегім» атты университет аралық сайыс өтті.

        2022 жылы 19 мен 21 қазан күндері аралығында Шымкент қаласы ішкі істер саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында «Тарихи күндер тізбегім» атты фестиваль өтті. Фестивальде шымкент қаласындағы барлық жоғары оқу орындары ат салысты. Фестивальде қазақи нақыштағы ою өрнектер, қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші күні, ер жігіттер арасында асық ату, ләңгі тебу, асық ату, арқан тартыс бойынша сайыс өтсе. Екінші күні, ару қыздар арасында кеспе кесу, қамыр илеу, және бауырсақ пісіру болса, үшінші күні дәстүрлі әндер мен мың бұралған бишілер арасында сайыс өтті. Шымкент университетінің студент жастары белсенді қатсып арнайы марапаттарға ие болды.

«Ұстаздар - Ұлы тұлғалар» атты салтанатты жиын

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,  тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Еліміз бойынша қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесі болып белгіленген. Осыған орай қаламыздағы Шымкент университетінде «Ұстаздар  - Ұлы  тұлғалар» атты салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға университетіміздің  ардагер ұстаздары қатысты. Алқалы жиында шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымын оқу ордасының ректоры Нұрлыбек Ақынұлы құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Еліміздің дамуына зор үлесін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бірқатар ұстаздарымыз  «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

Image
Image
Image
Image
Image
Image

5 қыркүйек күні Шымкент университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

  Білім күніне арналған салтанатты жиын Шымкент университетінің ректоры Сейітқұлов Нұрлыбек Ақынұлының құттықтау сөзімен басталды.

 

      «Құрметті студенттер, құрметті ұстаздар мен қызметкерлер! Баршаңызды Шымкент университетінің және жеке өзімнің атымнан Білім күнімен құттықтаймын! Барлығымыз үшін бұл күннің мәні ерекше, ол жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер, батыл эксперименттер мен ашылулармен тығыз байланысты. Дәстүр бойынша бүгін біз жаңа оқу жылын салтанатты түрде бастап қана қоймай, кешегі мектеп оқушыларын университеттің тату отбасына қабылдаймыз. Студенттік өмір - әр адамның өміріндегі ең жақсы жылдар. Бұл жастардың өз болашағының іргетасын қалап, достасатын, пайдалы байланыс орнататын, мамандықты игеретін кезі. Жаңа білім мен дағдыларды игеруге ұмтылуда университет ұжымы сізге міндетті түрде көмектеседі. Профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми кеңес және әкімшілік сіздердің кәсіби маман, білімді, болашақтың жасампаз тұлғасы болып, Шымкент университетінің түлегі деген жоғары атақты абыроймен алып жүруіңіз үшін барлығын жасайды. Барлығымызға нағыз жарқын және ерекше оқу жылын тілеймін. Оқытушылар мен қызметкерлерге шыдамдылық және жас ұрпаққа көмектесуде сәттілік. Студенттер мен магистранттар үшін – сізді жетістікке жетелейтін және барлық шыңдарды бағындыруға көмектесетін шабыт пен қажырлы еңбек тілеймін!», – деп Нұрлыбек Сейітқұлов ұжым мен студенттерді құттықтады.

      Шара барысында қатысушыларды университеттің ғылым істері жөніндегі проректоры Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы да құттықтады. Ол Білім күні жаңа жетістіктерге және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға белгісіз, қызықты және сонымен бірге қиын жол ашатынын атап өтті.

      «Барлық студенттерге алға қойған мақсатқа жетуде табандылық танытып, қоғамдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, студенттік ұжым өміріне белсене араласуларына тілектеспін. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті де табысты, тамаша оқиғаларға, шығармашылық жаңалықтарға, үлкенді-кішілі жеңістерге толы болсын. Баршаңызға табыс, зор денсаулық пен бақыт, тамаша көңіл-күй, шаттық пен оптимизм тілеймін. Сәттілік!» – деп тіледі Нұржан Әжіметов.

      Студенттер мен қызметкерлерді университет қонақтары, факультет декандары да құттықтады. Олар бұл күн бірінші курс студенттері үшін ерекше күн екенін, олар үшін оқуда, ғылымда, мәдени, шығармашылық және қоғамдық қызметте, спортта барлық мүмкіндіктер әлемі ашылатынын атап өтті.

      2001 жылы құрылған Шымкент университеті өзін бакалавриаттың 12 бағыты, магистратураның 4 бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын дайындайтын ірі университеттердің бірі ретінде көрсетеді. Студенттер контингенті бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша 6596 студент және 8 білім беру магистрі бағдарламасы бойынша 462 магистрант.

      Бүгінгі таңда оқу процесі жоғары материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Оқу процесі жалпы ауданы 23 843 шаршы метрді құрайтын үш оқу ғимаратында жүзеге асырылады. Оның ішінде 11 оқу зертханасы, мультимедиялық жабдықпен жабдықталған 17 компьютерлік сынып. Мұнда 3 спорт кешені, жатақхана, кітапханалар, тамақтану және емдеу орындары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, т.б.

      Университет жетістіктерін тікелей жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым анықтайды, оның ішінде 19 ғылым докторы, 4 PhD докторы, 142 ғылым кандидаты.

      Шымкент университетінің ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі де барша студенттерді, оқытушылар мен университет ұжымын Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды. Жаңа оқу жылы баршамызға тұрақтылық пен еңбек пен оқуға қанағат, жаңа кәсіби табыстар мен жетістіктер әкелсін!

ЭКОСАНА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Эко-санамызды оятайық» жалпыұлттық жобасы аясында «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті.

Аталған акция барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Сенбілік акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 21 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау. Сондай-ақ, екі айға жалғасатын акция барысында көшпелі түрде өзен, көл жағалауларын тазалау, күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады.
Аталмыш акция барысында үздік ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасады.

ДЕМАЛЫС

2021-жылғы 27-28 қыркүйек күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының « Жастар ресурстық орталығы » КММ-інің ұйымдастыруымен Біркөлік демалыс аумағында « Шымкент жастары-еріктілік өзін-өзі басқару» тимбилдинг оқу жаттығу жобасы өткізілді. Оқу жаттығу жобасының мақсаты- Волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту,қаладағы ерікті топтардың басын қосатын ортақ алаңша қалыптастыру,олардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру.

02.10.2021ж
“Сенбілік акциясы”өтілді.

Сенбілік акциясынп байланысты жатақхана да жатқан студенттеріміз университеттің,жатақхананың айналасына тазарту жұмыстарын жүргізді.Сенбілік акциясына 100-ден аса студенттер қатысты.

17.09.2021 болған Жатақханадағы іс-шара

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұлттық тамақты дәріптеу мақсатында

« Жатақханадағы үздік аспаз » атты байқау болып өтті,аталған іс-шарада 5  номинация бойынша орындардар берілді.

Шымкент Университетінің кітапханасында өткен іс-шара

Шымкент университеті Математика информатика кафедрасына қарасты кәсіптік білім мамандығының 1 курс студеннттерімен«Дизайн-көркем дүние бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.Оқытушылары  Қалымбетова Гүлмира Пиримжанқызының  көрсетуімен киім дизайнын аша түскен ерекше стильдегі тұмар мен қазақы нақыштағы  ұлттық киім үлгілерін жасап шығарды.Ұйымдастырушы кітапхана ұжымы кітап көрмелерін жасап студенттерге дизайн түрлері мен осы салаға қатысты кітаптармен таныстырды.

23 қыркүйек 2019ж

Бүгін Шымкент университетінің оқу ғимаратында «Қайырымдылық жасасаң, Қайырымын өзің көресің» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Бұл іс-шараға университеттің  профессор – оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студенттер үлкен құлшыныспен қабыл алды. Осы акциядан жиналған қаражат Мардан Кеңес деген бүлдіршіннің емделуіне жұмсалды.

1-Қазан 2019

1 Қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп,  қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет іздердің ерең еңбектеріңіз бен адамгершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып  табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отансүйгіштіктеріңді мақтан етеміз. Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік жігер бүгінгі жастарға үлгі – өнеге болып табылады.Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеп көрсетіп, еңбек етіңіздер. Біз сіздге айтар алғысымыз шексіз!

26.11.2019

Шымкент қаласында орналасқан Жастар ресурстық орталығында «Университет аруы 2019» байқауы өтті Бұл байқауға қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері көрермен ретінде келді. Жоғары деңгейде өткен бұл іс-шараға қаламыздағы «Отырар» телеканалының жүргізушісі, Мисс Шымкент 2003 – Садыкова Надежда, «Мұра» ұлттық өнер орталығының директоры – Чингиз Изалиевич және де «Tumar Khansha» сән үйінің директоры Наурызбаева Сәуле

«Изабел Гарсия» әйелдер киімі дүкенінің басшысы – Елена, «Скай Моделс», фитнес клуб «Роял» ұжымдарының қатысуымен өтті.

14 қазан 2019ж

Шымкент университетінің студенттеріне арналған «Студентік арнау» кешіне қонақ ретінде  Қазақстанға белгілі топ, өнерлі жаста, талантты әншілер Райм Артур және Х фактор Қазақстан жобасының көптеген  халықаралық байқаулардың лауреаты Диана Хашимханова мен Махмуд Урумбаев студенттерге арнап өз  өнерлерін көрсетті. Бұл кеш жастарға жоғары көңіл-күй сыйлады

Шымкент Университетінде Абай Құанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты, білім алушылардың  Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін,  үлгі ете отырып, білім,ғылымға  құмарлығын арттыру. Жәнеде болашақта өз  кәсіптеріне  қолдана білуге насихаттау болып табылады.

   Форумға университет ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор  Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы қатысты. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ Мемлекеттік университетінің «Мұхтартану» ғылымыи орталықтың аға ғылыми қызметкері ф,ғ,к., доцент Ақжол Қалшабек және Оңтүстік Медициналық Академиясының аға оқытушысы, Абайтанушы Төлентаев Мұрат Сарыбайұлына сөз беріліп,Абай Құнанбаев жайлы құнды деректермен бөлісті.

Image
Image

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 2-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» орай Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы, университетіміздің ардақты ұстаздарына құттықтау сөз айтты.«Сіздерді Ұстаздар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл­халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар», дей келіп, – құттық­тау­да Ұстаз сөзінің қа­сиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы,университет оқытушыларына, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді

Image

ШЫМКЕНТТЕ "ЭКО-САНА" СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті. 

Аталған акция барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Сенбілік акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау. Жәнеде Шымкент университетінің 1-ші курс студенттері,осы акцияға белсене ат салысып, 106кг астам қоқыс жинап,үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Image
Image

Елбасының «АЛҒЫС ХАТЫ» табысталды

 

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты шара

жалғасын тапты.Шара барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент

қалалық филиалының төраға орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан Шымкент университетінің студенттерін Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Image

Қалалық мәслихат депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы студент жастармен кездесті.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы Jasotan жастарымен кездесуіне,Шымкент университетінің студенттері қатысып,бір қатар көкей тесті мәселелерді қозғап,қоғамға байланысты түйіткілді сұрақтар қойды.Сонымен қатар,іс-шара барысында қаламыздағы спортты дамыту шеңберінде сөз қолғалды. Жәнеде бірқатар өзекті мәселелердің шешу жолдары қаралды.Jas Otan жастары қалалық мәслихат депутатына өз ұсыныстарын тастады.Кездесу соңында Мұрат Жаңабайұлы жастарды спортпен үнемі айналысып, еліміздің патриоты болуға шақырды.

Image
Image
Image

«Балдырған – Балалар» атты мүгедек балалар үйінде іс-шара өтті.

Жастар ұйымының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Балдырған – Балалар» атты мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде іс-шара өтті. Шымкент университетінің дайындаған сахналық қойылымдары, мың бұралған билері және әсем әндерімен балалардың көңілін көтеріп қайтты. Балдырған балалар біздің болашағымыз, балалар біздің ертеңіміз деп, Жастар ұйымының  студенттерімен тамаша концерттік бағдарлама өткізді. Балалар үйіне деп, Жастар ұйымы қаржылай көмек жинады және Шымкент университетінің басшылығы қолдау білдіріп қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаржыны, №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы; Оспанов Бақытжан мырзаға табысталды. Мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің басшылығы қаржылай көмек көрсеткені үшін Шымкент университетінің басшылығына арнайы алғыстарын білдірді.    

«Жасыл желек – Айналаның көркі демек» атты акциясы өтті.

Жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Жасыл желек – Айналаның көркі демек» атты экалогиялық жобасы аясында белсенді студенттерімен, университет ауласына «Ағаш егу» көкалдандыру жұмыстарын жүргізді. Аталған жоба аясында экалогиялық білім, патриоттық рух пен  өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында өтті. Оқу ордамызды таза ұстау біздің  басты міндетіміз.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish