Студенттік үкімет

Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі – студенттердің оқуын, студенттік өмірін, демалысын ұйымдастыруға байланысты өзекті мәселелерді шешудегі, олардың қоғамдық белсенділігін арттырудағы, студенттердің бастамаларын қолдаудағы бастамашылдық, дербестік, әлеуметтік белсенділіктің ерекше үлгісі болып табылады.

Студенттік әкімшілік – студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыратын, оқу процесін басқаруға қатысатын, студенттерге қатысты мәселелерді шешуге қатысатын тұрақты үйлестіруші, өкілді студенттік ұйым.

Шымкент университетінің өзін-өзі басқару ұйымының мақсаттары:

  • * Университеттің беделін арттыру;
  • * Білім алушылардың оқуға байланысты мәселелерін шешуге көмектесу;
  • * Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • * Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • * Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
  • * Жастар арасында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Шымкент университетінің студенттік әкімшілігі белсенділерінің құрамы

Image
Студенттік ректор:
Лесбек Нұркелді Ералыұлы
байланыс телефоны: +7(702) 514-72-79
Image
Оқу ісі жөніндегі студенттік проректор:
Қабыл Ақбикеш Оразбайқызы
Байланыс телефоны: +7(778) 677-59-03
Image
Тәрбие ісі жөніндегі студенттік проректор:
Тұңғышбай Иманғали Көлбайұлы
байланыс телефоны: +7(776) 201 05 05
Image
Жаратылыстану-гуманитарлық
факультетінің студенттік деканы:
Әбдіразақ Лаура Серғазықызы
байланыс телефоны: +7(747) 593-78-83
Image
Педагогикалық ғылымдар
факультетінің студенттік деканы:
Тұран Жансая Мұхтарқызы
байланыс телефоны: +7(708) 122-03-71
Студенттік әкімшілік студенттердің шығармашылық қабілетін, олардың жауапкершілігі мен азаматтық, қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Студенттер әкімшілігінің тұрақты отырыстарында студенттердің маңызды мәселелері шешіледі, өзекті мәселелер талқыланады.

Студенттік әкімшілік өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
  • * ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • * мәдени-бұқаралық жұмыс;
  • * салауатты өмір салтын және спортты насихаттау.

«Тарихтан тағылым» атты тақырып аясында, әлеуметтік жоба аясында кездесу өтті.

Шымкент университеті, Жастар ұйымы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурсттық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым» атты  тақырып аясында әлеуметтік жоба аясында кездесу кеші өтті. Жас мамандардың білімге, ана тіліне, ел тарихы мен көрнекті қайраткерлердің танымдық қызығушылығын арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан-жақты дамытумақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараны, Тарих ғылымдарының докторы, профессор: Найманбаев Бекмұрат мырза өз білімдерімен бөлісті және модератор: Абжан Темірхан мырза іс-шараның, тақырып мазмұнын түсіндіріп таныстырды. 

 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, «Ұрпаққа  ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты іс-шара өтті.

Қазақ  халқының атаулы мейрамдарының бірі, Ұлы Жеңіс күнін тойлау атадан балаға, баладан жағаға, Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мерекелердің бірі. Бұл жеңіс біздің қан майданда жан кешкен ата бабаларымызды еске алу және біздің осындай бейбіт күнге жеткізгендеріне мың алғыс айтып, тағзым ететін күн!

Бүгін университет ішінде Филалогия кафедрасы, орыс тілі мамандығы, Тәрбие бөлімі және Жастар ұйымының белсенді жастары іс-шараға белсене қатысып, өздерінің дайындаған өнерлерін  көрсетіп, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ көк байрағын қолдарына алып, бабалар рухына арнап сап түзеп, университет алаңында әуендетіп қадам басты .

«Діни экстремизмнің алдын алу және сергектік» атты белсенді жастармен сұхбат кеш өткізілді.

 Жастар ұйымының, белсенді студенттеріне, Дін танушы, теолог: Тайтелиев Файзулла Тәжімұхаммедұлы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада жастарды тероризм тобы қылмыстық топ екенін және қазіргі жастардың ұялы байланыс арқылыда теріс жолға түсіп жатқандығын түсіндірді.Белсенді жастар өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық  жауап алды.  

«Ислам – терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті. 

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен және Шымкент университетінің белсенді жастарының қатысуымен  «Өнер» бөлімінде «Ислам- терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті. Алдымен шараға келген қонағымыз кітапханамен және Муфтият бұрышымен танысты.

Іс-шараға Әл-Біләл мешітінің найб имамы Жандәулет Садырбай мырза жастармен ИСлам діні жайлы, қоғамда орын алып отырған терроризм жайлы айта келіп көпшілікті діни сауаттылыққа шақырды.

Шымкент университетінің белсенді жастары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, сұрақтарына толық  жауап алып, келген қонақтармен сұхбаттасты.


15 сәуір – Қозы Көрпеш Баян Сұлу  ғашықтар күніне орай, «Бозбала мен Бойжеткен - 2023» байқауы өткізілді. 

Шымкент қаласы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 15 сәуір – Қозы Көрпеш Баян Сұлу  ғашықтар күніне орай, «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» атты байқауы өткізілді. Байқауға кастинг жарияланып, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 30-ға жуық жұп қатысуға ниет білдірді. Іріктеу бойынша  8 жұп келесі кезеңге жолдама алды. Шымкент университетінің, Жастар ұйымының белсенді жастары, Жарылқасын Айбек және Аюпхан Балнұр атты өнерлі жұптар қатысты. «Бозбала мен Бойжеткен – 2023» атты байқауының, Ең өнерлі жұп деген номинация және көптеген құнды бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған жұптарға қолдау білдірген, Шымкент университетінің басшылығы, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымдары қолдау білдірді.
Жастар ресурстық орталығында «Текті сөздердің төресі – терме» атты дәстүрлі әнші, термешілермен кездесу өтті. 

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Текті сөздердің төресі – терме» атты термешілермен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты, жастарды тәрбиелікке, ата-ананы құрметтеу және дәстүрлі әндермен жыр термелердің шығу тарихымен танысу болып табылады. Дәстүрлі әнші, термеші Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, Республикалық конкурстардың лауреяты, Спатаев Жақып Сынабайұлы және тағы басқа термешілермен кездесті. Шымкент университеті, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымының белсенді жастары іс-шараға белсене қатысты.
«Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Бүгін Халықаралық наурыз мейрамы, Тәрбие бөлімі және жастар ұйымының белсенді жастарының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шаранаың барысында наурыз көже, бауырсақ, және тағыда басқа ұлттық тағамдар келген қонақтарға тарту етілді. Іс-шараны мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық бимен ашып берді. Жиналған көпшілік қауымға өз тілек, батасын беруге, Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент: Шингисбаев Бакытжан Маликович және Қазақстан еліне еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: Айтбаев Еркін мырзалар арнайы сөз, тілегіне шығып өз жылы лебізімен құттықтауын айтты. Іс-шара әрмен қарай ән, би шашуларымен жалғасты.
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

Атаулы мейрам, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Тәрбие бөлімі және Жастар ұйымымен бірге  ұйымдастырып отырған Әзіл-сықақ және сатира театырында «Арулар – асыл жандар» атты арулардың құрметіне іс-шара өткізілді. Іс-шарамызды Шымкент университетінің ректоры: Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы аруларымызға арнайы тілек білдіріп, ашып берді. Шаншар театрының директоры Уәлибек Абдраймов өзінің қағытпа қалжыңымен, арнайы дайындаған интермедиясымен іс-шарамыз жалғасын тапты. Іс-шараның барысында Шымкент университетінің барша аруларын арнайы алғыс хаттармен гүл шоқтарымен марапаттады. Белсенді жастар, өз өнерлерін ортаға төгіп ортаны ән мен би шаттыққа бөледі.
Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне  92 жыл толуына орай « Есіңе мені алғайсың» атты іс-шара  өткізілді.

Жастар ұйымының белсенді жастары, Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арнап Шымкент университетінің Жатақханасындағы студенттерге арнап іс-шара өткізді. Іс-шараның басын, мың бұралған биші қыздар ашып берген болса, әрмен қарай Мұқағали Мақатевтың өлең жолдарымен жалғасты. Қазақтың маңдай алды ақындарының бірі, Мұқағали Мақатевты еске алу кешінде, жатақхана меңгерушісі: Жетпісбаева Айсара Серікқызы, Педагог – тәрбиеші: Салтураеева Айгүл Орынбасарқызы, ханымдар ізгі тілегін білдіріп белсенді жастарға алғысын білдірді және Жастар ұйымы төрағасы; Мұса Бекжан жатақханадағы студенттерді белсенді болуға, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

 


«Ауған соғысы – ұмытылмас ерлік» атты  ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. 

Жастар ұйымы және кітапхана ұжымымен бірлесіп «Ауған соғысы – ұмытылмас ерлік» атты тақырып аясында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Смайлов Медетбай Есқазыұлы, Хамдов Айбек, Юнусов Мухамедали мырзалар және Жастар ресурстық орталығының мамандары, Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы және Ержан Ерғазы Нұрланұлы мырзалар іс-шарамыздың қонақтары болды. Белсенді жастарымыз келген ардагерлермен сұрақ қойып сұхбаттастып және өз өнерлерін келген қонақтарға тарту етті. Жастар ұйымы мен кәтапхана ұжымы келген қонақтарға арнайы сыйлықтарын тарту етті.
 Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесу өтті. 


Шымкент университеті және Авимед көпсалалы коледжімен бірге ұйымдастыруымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесу өтті. Іс-шарада Тәуелсіздігіміз қалай келгені, кімдер қатысты, желтоқсан оқиғасы туралы студентермен сұхбаттасты. Арнайы студенттерімізбен кездесуге Патриоттық қозғалыс "Желтоқсан ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ,төраға орынбасары: Оспанова Гүлмира Болатқызы және Мүшесі: Ибрагимов Талғат Садуақасұлы қонақта болды.  Келген қонақтарымыға арнай сыйлықтар табысталып, студенттер арнайы алғыстарын білдірді.  
Тау самалына саяхат» атты жастар ұйымының белсенді студенттерімен Тауға саяхат ұйымдастырылды. 

Жастар ұйымының белсенді студенттерімен «Тау самалына саяхат» атты тақырып аясында тауға саяхатқа шықты. Тауға барған студенттер көңіл күйлері жоғары деңгейде көтеріліп, саяхатқа алып шыққан «ЖакеТау» және Жастар ұйымының жетекшілеріне ризашылығын білдірді. Белсенді жастардың, Тау самалына барып қайту қаражатымен қамтамасыз еткен, Шымкент университетінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.  
“JasApp жастарға арналған мобильді қосымшасын презентациясын жастар арасында  қолдау” өтті. 

Шымкент университетінде “JasApp жастарға арналған мобильді қосымшасын презентациясын жастар арасында  қолдау” өтті.  Іс-шараның мақсаты жастарды дамыған заманмен бірге дамуына үлес қосу және жаңа бағдарламалармен жұмыстарын таныстыру. Студенттерге пайдалы, әрі тиімді «JasApp» мобильді қосымшасын студенттерге таныстырылды. Бағдаламаның ішінде студенттерге керектінің барлығы қамтамасыз етілгені жөнінде айтылды. Түсіндірме жұмыстарын  Албаев Мақсат Құлдықұлы менеджер мырза жүргізді.
«Дін және жастар»  тақырыбы аясында іс-шара өтті. 

Шымкент университетінде «Дін және жастар» тақырыбы аясында іс-шара өтті. Іс-шарада Діни экстремизмге қарсылық және нашақорлыққа қарсылық туралы дәріптеді. Яғни дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы; Уәлихан Самат Шоқанұлы қазіргі заманда тераризм өршіп тұрғаны және дін мәселелеріненде тура жолды дәріптеді. ГЦБЗ дәрігер нарколог; Жанмолдаев Ұлбосын Ертайқызы бүгінгі заманда нашақорлық өршіп тұрғанын айтты, яғни (темекі, арақ, калянь, электронды темекі және т.б) адам денсаулығына зиян келтіретін заттардан аулақ болуды айтты. Әлеуметтік  медициналық «Сақтандыру қоры»  КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы: Беден Ахмет Сисенбайұлы медицина қарқынды дамып жатқанын және ауруханадағы жағымды жаңалықтарымен бөлісті.
«Shym Qala» этно кешенінде «Этно-Шымкент» фесивалі өтті.

Шымкент қаласы, «Shym Qala» этно кешенінде «Этно-Шымкент» фесивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Жібек жолындағы халықтардың салт-дәстүрін, қол өнердің дәстүрлі түрлерін сақтау және дамыту, олардың беделін арттыру, халық шығармашылығының әртүрлі бағыттарын танымал ету болып табылады. Іс-шараның барысында қолөнер, кәдесый бұйымдарын жасау, ұлттық тағам түрлерінен масстер-класстар жасалды және бір қатар әншілер шақырылды. Бұл іс-шараға Шымкент университетінің жастары белсене қатысып, іс-шараның сәнін келтірді.
Түркістан қаласында студенттік кеңестің 1 отырысы өтті. 

Түркісан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде барлық ЖОО-ның белсенді студенттерін басын қосқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жанындағы студенттік кеңестің 1 отырысы өтті. Аталған жиында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице – министрі Талғат Ілиясұлы, оқу ордасының ректоры Жанар Амангелдіқызы, ҚР Ғылым және жоғар білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесші – студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова және университет ұжымымен белсенді жастар қатысты. Маңызды себептермен себептерге байланысты еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған шараға онлайн қатысып, ізгі тілегін арнады. Студенттік кеңес отырысы әрі қарай сұрақ-жауаппен өз жалғасын тапты. Көне шаһар Түркістан қаласын аралаумен ізін тапты.
БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР РУХАНИ АСТАНА – ТҮРКІСТАНДА

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен оқу орындарымен оқытушы-профессорлар құрамымен белсенді студенттер жастары, киелі Түркістан қаласына оның ішінде «Арыстан баб, Гауһар ана, Қожа Ахмед Яссауи» кесенелеріне «Бабалар рухына тағзым» - атты ұранмен зиярат етіп қайтты.

Аталған іс шара мақсаты, жастарымызға тағылымы мол тарихи өңірдің және бабаларымыздың өткен өміріндегі тың деректерімен таныстыру, бабалар рухына тағзым ету. Іс-шараға қаламыздағы барша университет жастары белсене ат салысты.

Жастардың діни танымдығын арттыру

Шымкент университеті және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Мақсаты: жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейрімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кері ағымдағы діндердің алдын алу.

Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, ҚМДБ Шымкент Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы және Шымкент университетінің студенттері белсене қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватсап) кез келген ақпараттарды лайк, коментария және теріс діни ағымдағы фото-видиоларды таратпауға кеңес берді.


Зорлық – зомбылықтың алдын алу

Бүгін жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Б.Мұса мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН жобасы аясында «Отбасы бақыты – өз қолыңда» тақырыбында консультациялық семинар – тренинг өткізілді. Іс-шарада «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы басшысы С.Байзахова мен практик – психолог А.Турсынбаева арнайы сөз сөйлеп, қатысушылармен пікір алмасты.

5 қыркүйек күні Шымкент университетінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен «Достық кілті» атты сайыс өткізді.,

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен А. Асқаров атындағы Дендро саябақта Шымкент қаласының 6 ЖОО және Шымкент қалалық «Жастар рухы» қатысуымен дәстүрлі  «Достық кілті» атты сайыс болып өтті. Сайыста шымкент қаласындағы барша жоғары оқу орындары ат салысты. Сайыстың мақсаты, студенттерді бір-бірімен достық қарым-қатынаста, ұйымшылдықта болсын деген оймен ұйымдастырылды.

 

Өзін-өзі басқару жүйесі бойынша оқу орындары арасында тәжирбие алмасу конференциясы болып өтті. 

   Шымкент қаласы, Шымкент униврситетінде, Өзін-өзі басқару жүйесі бойынша оқу орындар арасында тәжирбие алмасу конференциясы болып өтті. Конференцияда Шымкент қаласындағы 8 университеттің, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары және белсенді студенттер қатысты. Бұл жиында жалпы университетіміздің ішінде ашылған ұйымдар және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы ой пікірлер айтылып, түрлі мәселелер қозғалды. Кәзіргі таңда, Жайдарман ойынымен, дебат ұйымдары, және волонтёр ұйымдарына аса көп көңіл аударылды. Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында жайдарман клубтары мен волонтёрлық клубтары, қарқынды дамуда. Университетімізде студенттерімізді дұрыс әрі сапалы білім беру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish