Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор
Image

Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Электронды пошта azhimetovn@mail.ru
Телефон: 8701 711 6051

Н.Әжіметов 1957 жылы 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтының (1979 ж.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (1999 ж.), Қайнар университетінің (1999 ж.) түлегі.

Еңбек жолын 1979 жылы Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында аға зоотехник болып бастады. 1982-1985 жж. күндізгі бөлімнің аспиранты. 1986-1992 жж. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, бас маман, ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, 1992-1993 жж. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі аппаратының жетекші маманы, инспекторы, 1993-1995 жж. Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі төрағасының орынбасары, 1995-1998 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы, 1998-2006 жж. Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төраға, 2006-2009 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі, 2009-2012 жж. Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, 2012-2021 жж. «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 01.03.2021 ж. бастап қазіргі уақытта Шымкент университетінің Ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді.

 

100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде: 8 кітап, 3 атлас-альбом, 4 ұсыныс, 3 әдістемелік нұсқаулар және 2 монография. Н.Әжіметов 5 патент алды, Қазақстан  Республикасының зияткерлік меншік комитетіне 4 өтінім берілді, оның ішінде өнертабысқа 3 патент, селекциялық жетістікке 1 патент.

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, «Астана 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish