Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурс
КОНКУРС!!!
2023-2024 оқу жылында университет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Еуропаның жоғары оқу орындарында білім алуға 2-3 курс студенттеріне (қазіргі 1-2-курс студенттері!) (бакалавриат) конкурс жариялаймыз!
ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ, БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Шу қызметкері болу (студенттер, ПОҚ);
- тілдік құзыреттілікті меңгеру (ағылшын / түрік);
- бұрын Erasmus + бағдарламасына қатыспаған.
- ағылшын тілі / түрік тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерге ие болу;
- шекті оқу үлгерімі GPA 3,5-4,0.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
ҚР азаматының паспорты (көшірме) / жоқ болған жағдайда жеке куәлік (көшірме);
- Түйіндеме (CV);
- Транскрипт (мөрмен бекітілген болуы тиіс);
- Ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін растайтын сертификат:
- ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL IBT 87+, TOEFL ITP 567+, DET 95+, YUNUS EMRE, TOMER) немесе шетел тілін оқытатын оқу орталықтарынан алынған сертификат көшірмесі (B2+).
- Білім алушының көп балалы отбасыдан шыққандығын растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
- Білім алушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);
- Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
- Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).
*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.
*5, 6, 7-тармақта көрсетілген шарттар қатысушылардың конкурстық ұпайы тең болған жағдайда жеңілдік иесіне басымдық береді.
**Ақылы негізде білім алушы студенттер өз қаражаты есебінен жіберіледі. Ниетті студенттер толық құжаттар пакетін тапсырады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 15.05.2024 ж. дейін.
***Құжаттар папкаға жинақталып, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бөліміне қолма-қол тапсырылады.
Барлық сұрақтар бойынша: Халықаралық ынтымақтастық департаменті 224 кабинет.