Академиялық ұтқырлық туралы хабарландыру
2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Конкурсқа келесі талаптарға сай келетін студенттер қатыса алады:
* бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері;
- "А", "А-", "В+", "В", "В-"; "С+"үлгерімі;
* қабылдаушы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы көздеген деңгейде шет тілін білу;
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2024 жылдың 15 маусымына дейін.
БІТІРУШІ КУРСТЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізімі:
- студенттің өтініші;
- оқу туралы келісім;
- төлқұжат көшірмесі;
- ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- сертификат, IELTS, TOEFL, HSK, т.б. (шет тілін білу);
- ұсыныс хат (магистранттар үшін).
Толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (224,226 кабинеттер) хабарласуыңызды сұраймыз.