Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурс


КОНКУРС!!!

2023-2024 оқу жылында  университет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Еуропаның жоғары оқу орындарында білім алуға 2-3 курс студенттеріне (қазіргі 1-2-курс студенттері!) (бакалавриат) конкурс жариялаймыз!

 ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ, БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!

 Үміткерге қойылатын талаптар:

- Шу қызметкері болу (студенттер, ПОҚ);

- тілдік құзыреттілікті меңгеру (ағылшын / түрік);

- бұрын Erasmus + бағдарламасына қатыспаған.

- ағылшын тілі / түрік тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерге ие болу;

- шекті оқу үлгерімі GPA 3,5-4,0.

 Талап етілетін құжаттар тізімі:

 ҚР азаматының паспорты (көшірме) / жоқ болған жағдайда жеке куәлік (көшірме);

  1. Түйіндеме (CV);
  2. Транскрипт (мөрмен бекітілген болуы тиіс);
  3. Ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін растайтын сертификат:

- ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL IBT 87+, TOEFL ITP 567+, DET 95+, YUNUS EMRE, TOMER) немесе шетел тілін оқытатын оқу орталықтарынан алынған сертификат  көшірмесі (B2+).

  1. Білім алушының көп балалы отбасыдан шыққандығын растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
  2. Білім алушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);
  3. Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
  4. Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).

*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.

 *5, 6, 7-тармақта көрсетілген шарттар қатысушылардың конкурстық ұпайы тең болған жағдайда жеңілдік иесіне басымдық береді.

 **Ақылы негізде білім алушы студенттер өз қаражаты есебінен жіберіледі. Ниетті студенттер толық құжаттар пакетін тапсырады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 15.05.2024 ж. дейін.

***Құжаттар папкаға жинақталып, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бөліміне қолма-қол тапсырылады.

 Барлық сұрақтар бойынша: Халықаралық ынтымақтастық департаменті 224 кабинет.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish