Шымкент университетінің білім алушыларымен «Адалдық сағаты» өтті

Шымкент университетінің  білім алушыларымен Қазан айының 16 күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  бас  маманы Әлжанова Жазира Салханқызы  Шымкент университетінің  білім алушыларымен  «Адалдық сағатын»  өтті.

Іс-шараның мақсаты: адалдық пен адалдық құндылықтарын нақтылау;

  • сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен ұстанымын,
  • сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Студенттерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Заңының баптары түсіндіріліп,«адалдық»,«адалдықтерминдерінің мағыналары ашылды. Студенттер қоғамдық мүдделер жеке мүдделерден жоғары болуы керек, әдептілік пен адалдықтың жоқтығы (әсіресе параға бейімділік), әділетсіз басымдылыққа жету үшін қызметтік жағдайын пайдалану сыбайластық тудырады деген түсінікке назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша біздің еліміздің әрбір азаматы: «Адалдық - ұлттың рухани өзегі, қоғамның өмір сүру нормасы» формуласының маңыздылығын терең түсінуі керек деген тұжырым жасалды. Адалдық – әр азаматтың ортақ міндеті.Іс-шара жастардың патриоттық сезімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәні болды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы