Azamattyq BasQaru қоғамдық қоры
2024жылы 10-шы қыркүйек күні Шымкент университетінде
«Azamattyq BasQaru қоғамдық қоры: Шымкент қаласы аумағында азаматтық белсенділікті және жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында "Жергілікті өзін-өзі басқару - деңгейінде жастардың орны және әлеуеті " атты тақырыпта білім алушы жастармен пікірлесу кездесуін өткізді.
Кездесуді лектор BasQaru қоғамдық қорының басшысы, Қазақстан және Ресей мемлекеттік басқару академиясының түлегі, Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша 3 заң, 7 заңнамалық актілері жобасының әзірлеушісі, заңгер Марғұлан Ермағанбеұлы сөз сөйлеп, жастармен пікірлесіп, сұрақтарына жауап беріп отырды. Аталған формат қаладағы жастардың азаматтық белсенділіктерін арттыруды көздейді.
Кездесуге құқықтану,экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, тарих мамандықтары бойынша білім алушылар және оқытушылар қатысты.