Альфраганус университетіндегі студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Өзбекстанда орналасқан Альфраганус университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушыларымыздың 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрі сәтті аяқталды. Оқу жөніндегі Проректор Бобоходжаев Кудрат Умарович студенттерімізге сертификаттар табыстап, оқуларына табыс тіледі.
Айта кетер жайт, Шымкент университеті Альфраганус университетімен байланысы жыл сайын тығыз бола түсуде. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқысы келетін білім алушылар мен оқытушылар саны үнемі өсіп келеді.