2025 жылдың 24 cәуірінде Ташкент мемлекеттік Низами атындағы педагогикалық университеті мен Шымкент университеті арасындағы қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Келісімшартқа қол қойылды.
Ендігі кезекте 6B01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01402- «Музыкалық білім», 7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламаларының студенттері оқуды сәтті аяқтаған жағдайда қос дипломға ие болады. Бұл – Шымкент университетінің ғана емес, сонымен қатар Ташкент мемлекеттік Низами атындағы педагогикалық университетінің де беделді дипломы. Бұл бастама – студенттерге білімнің екі қайнарынан нәр алып, біліктіліктерін арттыруға берілген зор мүмкіндік.