" Талапкер-2025" Кәсіби бағдар жұмысы.

   27.04.- 01.05.2025ж күндер аралығында Шымкент университетінің оқытушы  құрамы Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі  проректор Г.Қ Оспанова, "Педагогика " кафедрасының  магистр  оқытушылары Д.Б.Тавбаева және А.Т. Умирзакова  2025-2026 оқу жылына талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу  мақсатында Қарақалпақстан Республикасына арнайы іс-сапармен барып, мектепке дейінгі және мектеп білім бөліміне қарасты министр Кожабаева Гулистан Таласбаевнаның қабылдауында болып, мектеп бөліміне жауапты басшы Асемидитнов Муратжон Нагматдиновичтың ұйымдастырумен қала, ауданның жалпы орта мектептеріне үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізіп келді.
   " Талапкер-2025" Кәсіби бағдар бойынша Қарақалпақстан Республикасының Нукус қаласы және Тахтакөпір, Тақиятас, Конгурат, Хожели аудандарына  қарасты жалпы орта білім мектептеріне үгіт- насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында мектеп басшыларымен, ұстаздармен,  бітіруші түлектермен және ата-аналармен кездесті.
Кездесу барысында мультимедиялық арнайы тақталарда  Шымкент университетінің тарихы 2025-2026 мен материалдық базасы және т.б туралы видиеороликтер мен  слайдтар  көрсетілді.
Оқушыларға  қабылдау талаптары жайлы, университеттің жеңілдіктері, білім беру бағдардамаларымен, оқу мүмкіндіктері мен болашақ мамандықтары туралы тағы басқа да жан-жақты ақпараттар берілді.
Мектеп басшыларына университет атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы