EYFOR-16 Халықаралық Білім беруді Басқару Форумына Шымкент университетінің делегациясы қатысуда

  2025 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыр аралығында Түркия Республикасының Зонгулдак Булент Эжевит Университеті, Гази Университеті, Гиресун Университеттері ұйымдастыруымен өтетін EYFOR-16 Халықаралық Білім беруді Басқару Форумына Шымкент университетінің делегациясы қатысуда.
   EYFOR-16 – білім беру саласының теоретигі мен практигін бір алаңда тоғыстырып, жалпы “Педагогикалық ғылымдар” және “Педагогикалық менеджмент” бағыттарындағы зерттеулермен еркін алмасуға жол ашатын бірегей форум.
 Форум - Кемер, Туркия мемлекетінде өтуде.
 Форумның айшықты мақсаттары:
 - Әлемнің әр түкпірінен келген білім саласының майталмандары өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісу;
- Білім берудің тың инновациялық әдістері мен озық тәжірибелерін терең меңгеруге мүмкіндік алу;
- Түрлі саладағы сарапшылармен және әріптестермен кездесу арқылы кәсіби байланыстарды нығайту және желіні кеңейту.
Сонымен қатар, осы кезең ішінде университеттің профессор-оқытушы құрамы «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи технологиялар» тақырыбында біліктіліктерін жоғарылатып, сертификатқа ие болды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы