Шымкент университетінің бір топ профессор-оқытушы құрамы Ыстамбул Гелишим университетінде.
2025 жылдың 06 мамырында университетіміздің халықаралық серіктестігі Түркиядағы Ыстамбул Гелишим университетінде Шымкент университетінің бір топ профессор-оқытушы құрамы қонақта болды. Ыстамбул Гелишим университеті – Түркияның мәдени астанасы саналатын ғажайып Стамбул қаласында орналасқан, білім мен ғылымның киелі шаңырағы.
Ыстамбул Гелишим Университеті – Түркиядағы ең беделді жекеменшік университеттердің бірі. Білім берудің барлық саласында Еуропалық аккредиттеуден сүрінбей өткен бұл ұлағатты орда, халықаралық аренада да топ жарып, "Жылдың Интернационалдандыру Стратегиясы" сыйлығына лайық деп танылды.
Шымкент университеті мен Ыстамбул Гелишим университеті арасында бір жылдан астам уақыттан бері тығыз байланыс орнаған. Қазіргі таңда халықаралық жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Сапар барысында Спорт кафедрасының деканы, профессор, доктор Kubilay Çimen бізді спорт факультетінің заманауи кампусымен таныстырып, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің қатысуымен маңызды жиналыс өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен халықаралық жобаларды қолға алу, біріккен білім беру бағдарламаларын жасау, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы студенттердің санын көбейту және университеттің ғылыми журналдарында бірлескен мақалалар жариялау мәселелерін талқылау болды.
Кездесу соңында Спорт кафедрасының деканы, профессор, доктор Kubilay Çimen Шымкент университетнің кітапханасына 50 кітап сыйға тартты.