Құттықтаймыз!

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі бойынша ғылымды дамытудың 5 басым бағыты бойынша, Шымкент университетінен 1 жоба мақұлданды. Ғылыми жоба жетекшісі з.ғ.к. қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбекқызы. Жоба тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері. Қаржыландыру көлемі 86 651 523 тенгені құрайды. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік ұсыныстары мен тәжірибелік тетіктерін әзірлеу, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ жер, аграрлық және экологиялық саласындағы құқықтық актілер мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды ұсынуды көздейді.
Жоба жетекшісі Акшатаева Жанна Байбекқызын жеңісімен құттықтаймыз! Жобаны сәтті жүзеге асыруды тілейміз!