Құттықтаймыз!

Image
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі бойынша ғылымды дамытудың 5 басым бағыты бойынша, Шымкент университетінен 1 жоба мақұлданды. Ғылыми жоба жетекшісі з.ғ.к. қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбекқызы. Жоба тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері. Қаржыландыру көлемі 86 651 523 тенгені құрайды. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік ұсыныстары мен тәжірибелік тетіктерін әзірлеу, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ жер, аграрлық  және экологиялық  саласындағы құқықтық актілер  мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды ұсынуды көздейді.
Жоба жетекшісі Акшатаева Жанна Байбекқызын жеңісімен құттықтаймыз! Жобаны сәтті жүзеге асыруды тілейміз!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы