Шымкент университеті мен Помор университеті меморандумға қол қойды

Шымкент университеті мен Помор университеті меморандумға қол қойды

Шымкент университетінде Польшадағы Слупск қаласының Помор университеті ректоры Збигнев Осадовскийдің қатысуымен оффлайн кездесу өтті. Жиынның мақсаты — екі оқу орны арасындағы халықаралық серіктестікті кеңейту.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Оқытушылар тәжірибе алмасудың маңызын атап өтіп, әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында екі университет ректорлары өзара әріптестік пен академиялық байланыстарды нығайтатын меморандумға қол қойды. Құжат академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер, оқытушылар мен студенттер арасындағы тәжірибе алмасу және халықаралық білім бағдарламаларын дамыту бағыттарын қамтиды.

Бұл меморандум екі университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап, халықаралық деңгейдегі білім және ғылым саласын дамытуға мүмкіндік ашады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы