Шымкент университеті мен Тунис Республикасының Сфакс қаласындағы Бизнес және менеджмент жоғары мектебі өкілдерімен онлайн форматта кездесу өтті.

Шымкент университеті мен Тунис Республикасының Сфакс қаласындағы Бизнес және менеджмент жоғары мектебі өкілдерімен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Бизнес және басқару кафедрасымен бірлесіп қосдипломды білім беру бағдарламасын енгізу, сондай-ақ білім беру саласындағы өзара әрекеттестікті одан әрі дамыту бағыттары қарастырылды.
Тараптар білім алушылар мен оқытушылардың халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту мақсатында бірлескен конференцияларға қатысу және ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру мәселелері де сөз болды.
Кездесу нәтижесінде тараптар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге, жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және екі ел арасындағы білім беру саласындағы байланыстарды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы