«Сабақты зерттеу: Қазақстандағы мектептердің тәжірибесі»

Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Сабақты зерттеу: Қазақстандағы мектептердің тәжірибесі»

Бүгін Шымкент университетінде білім саласының білікті мамандары бас қосқан аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы – «Сабақты зерттеу: Қазақстандағы мектептердің тәжірибесі».

Іс-шара барысында өңір мектептерінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістемелерді, зерттеу нәтижелерін және табысты практикаларын таныстырды.

Жиында сабақты зерттеу үдерісінің мұғалім кәсіби дамуына, оқушының білім сапасына және мектепішілік методикалық жұмыстың тиімділігіне әсері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, бір-біріне қолдау көрсетіп, алдағы ортақ мақсаттар мен жаңа бастамаларды белгіледі.

Шымкент университеті ұйымдастырған бұл конференция педагогтардың тәжірибе алмасуына, ғылыми ойдың дамуына және білім беру сапасын жақсартуға үлкен үлес қосты.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы