2025 жылдың 1 желтоқсанында Шымкент университеті мен Баку мемлекеттік университеті (Баку, Әзербайжан) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2025 жылдың 1 желтоқсанында Шымкент университеті мен Баку мемлекеттік университеті (Баку, Әзербайжан) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында өтті.

Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев Шымкент университетінің делегациясын жылы қарсы алып, университеттің ғылыми-зерттеу ортасы, білім беру үдерісі, халықаралық рейтингтегі позициялары және интернационализация бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Эльчин Бабаев академиялық алмасу, қос дипломды бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жобалары және бірлескен конференциялар аясындағы ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерге жеткізе алатынын атап өтті.

Меморандумға қол қою рәсіміне Шымкент университеті тарапынан:
• Ректор Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы,
• Халықаралық ынтымақтастық департаментінің координаторы Ауелбекова Асель Нұрлановна,
• Сыртқы байланыстар координаторы Пириева Караман Севиль қатысты.

Тараптар бұл келісім екі университет арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтып, білім алушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы