2025 жылдың 1 желтоқсанында Әзербайжан Республикасының Баку Славян университетінің (БСУ) ректоры Анар Нагиев пен Шымкент университетінің ректоры Нұрлыбек Сейткулов арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум екі университет арасындағы академиялық байланыстарды кеңейтуді, білім алушылар мен оқытушылардың алмасуын, бірлескен конференциялар ұйымдастыруды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруды қарастырады.

Екі университеттің ректорлары келісімнің студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыратынын және ғылыми қызметтің дамуына үлес қосатынын атап өтті.

Құжатқа қол қою екіжақты байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және тараптардың жоғары білім мен ғылым саласында белсенді ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетеді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы