Шымкент университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған
«Тәуелсіз Қазақстан: егемендікке жету тарихы және ұлттық дамудың болашақ бағдары»
тақырыбында тарихи-танымдық семинар өтті.
Іс-шара барысында «Тәуелсіздік шежіресі» көрмесі таныстырылып, қонақ ретінде Шымкент қалалық музейлер бірлестігі мен Сайрам музейінің басшысы м.а. Беркінбаева Гүлжан Ерназарқызы, ғылыми қызметкерлер Ботагөз Нұрқұлова, Әзия Бекпеисова, Бабиржон Фазилов қатысып, тың тарихи деректермен бөлісті.
Семинардың негізгі бөлігі «Ұлт тарихы – Тәуелсіздік тұғыры» атты танымдық кездесу аясында өтіп, университет ректоры Нұрлыбек Ақынұлы Сейітқұлов, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар және мәдениет пен өнер қайраткерлері сөз сөйледі. Сондай-ақ студенттердің сахналық көрінісі мен музыкалық нөмірлері іс-шара мазмұнын байыта түсті.
Соңында үздік студенттер мен белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар алғыс білдірді.











