2025 жылдың 2–3 желтоқсаны аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында орналасқан Путра Малайзия университетінде «Bioprocessing and Biomanufacturing ICBB-2025» атты 5-халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шара аясында Шымкент университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» атты жоба негізінде дайындалған ғылыми баяндамаларымен қатысты.
Конференцияға қатысқан ғылыми қызметкерлер:
- Акшатаева Жанна Байбековна, бас ғылыми қызметкер;
- Озенбаева Айгерим Тойлыбаевна, жетекші ғылыми қызметкер;
- Алгазиев Марлен Дуйсакынович және Дуйсебеков Ербол Кубейбековичк іші ғылыми қызметкерлер.
Ғалымдар өз баяндамаларында Қазақстанның аграрлық секторын цифрландыру, инновациялық технологияларды ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу, экологиялық тәуекелдерді басқару, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экологиялық қауіпсіздікті құқықтық реттеудің ұлттық және халықаралық тетіктері жөніндегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Конференция барысында қатысушылар инновациялық биопроцестер мен биотехнологиялық өндірістің қазіргі заманғы жетістіктерін талқылап, аграрлық ғылым мен экологиялық құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Шымкент университетінің ғылыми қызметкерлерінің ICBB-2025 халықаралық алаңында өз зерттеулерін таныстыруы жобаның жоғары ғылыми әлеуетін, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығының инновациялық дамуы бағыттарындағы зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

