«Bioprocessing And Biomanufacturing Icbb-2025» атты 5-Халықаралық конференция

2025 жылғы 2–3 желтоқсан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында орналасқан Путра Малайзия университетінде «Bioprocessing and Biomanufacturing ICBB-2025» атты 5-халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға Шымкент университетінің делегациясы қатысып, университеттің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Исаева Акмарал Өмірбекқызы, ғылым департаментінің директоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ақшатаева Ж.Б., PhD докторы, жетекші ғылыми қызметкер Озенбаева Айгерим Тойлыбаевна, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерДуйсебеков  Ербол Кубейбекович және Алгазиев Марлен Дуйсакынович ғылыми-зерттеу тобы құрамында болды.

Конференцияның алғашқы күнінде делегация Путра Малайзия университетінің кампусында болып, факультеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметімен танысты.

Екінші күні профессор Акмарал Өмірбекқызы Исаева конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, пленарлық отырыста «Use of Microbial Compositions for Processing Phosphorus-Containing Waste in Southern Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады. Пленарлық мәжіліс пен секциялық отырыстарда инновациялық биопроцестер мен биотехнологиялық өндірістің заманауи жетістіктері талқыланды. Сондай-ақ Шымкент университетінің ғылыми қызметкерлері өздерінің зерттеу нәтижелерін халықаралық ICBB-2025 алаңында ұсынды.

      Іс-шара барысында Путра Малайзия университеті мен Шымкент университетінің Экология және биология ғылыми-зерттеу институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты – ғылыми әріптестікті нығайту, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми бастамаларды дамыту.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы