Шымкент университеті мен Бұхара инновациялық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2026 жылғы 04 наурыз күні Өзбекстан Республикасының Бұхара инновациялық университетінің ректоры Рузиева Дилноз Исамжановна және Халықаралық істер жөніндегі ректор кеңесшісі Шавкатов Отабек Шерзодович Шымкент университетіне іссапармен келді.
Сапар аясында Шымкент университетінің басшылығымен ресми кездесу өткізіліп, екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және академиялық ұтқырлық салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік пен серіктестікті дамыту мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі университет арасында профессор-оқытушылар құрамының және білім алушылардың академиялық алмасуын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруға, сондай-ақ оқу-әдістемелік тәжірибе алмасуға бағытталған.
Іссапар барысында қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, бірқатар кафедралар мен ғылыми-зерттеу құрылымдарын аралады.
Аталған меморандум екі оқу орны арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтып, болашақта бірлескен білім беру бағдарламаларын және ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.





