Шымкент университеті мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2026 жылдың 06 наурызында Шымкент университеті мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы РМҚК арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шымкент университеті мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы РМҚК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум – білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды құжат. Бұл келісім жоғары оқу орны мен мәдени мекеме арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, студенттер мен жас зерттеушілерге тарихи мұраны тереңірек тануға үлкен мүмкіндік береді.
Университет ректоры Нұрлыбек Ақыныұлы Сейткуловтың бастамасымен жүзеге асып отырған мұндай әріптестік білім беру үдерісін тәжірибемен ұштастырып, жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар, музей қорының бай тарихи мұрасы білім алушылар үшін құнды дереккөз болып табылады.
Осындай өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын тауып, білім мен ғылымның дамуына, ұлттық тарих пен мәдени мұраны насихаттауға үлкен үлес қосады деп сенеміз. Ұйымдастырушыларға және бастамашы болған басшылыққа алғыс білдіре отырып, бірлескен жұмыстарға табыс тілейміз.

