“СТУДЕНТТІК СТАРТАП ЖОБА – 2026” БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
2026 жылдың 5 қаңтарында университет білім алушылары арасында “Студенттік стартап жоба – 2026” байқауы жарияланып, студенттердің тың идеяларын қолдауға бағытталған маңызды бастама ретінде жүзеге асырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің инновациялық ойлау қабілетін дамыту, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру және болашағы зор жобаларды қолдау арқылы оларды нақты өмірде іске асыруға мүмкіндік беру.
Аталған байқауға кафедралардан ұсынылған 11 студенттік жоба қатысып, олардың әрқайсысы өзектілігімен, жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Жобалар арнайы құрылған комиссия мүшелері тарапынан жан-жақты сарапталып, әділ бағаланды.
Үш айға жуық уақытқа созылған байқаудың қорытындысы 2026 жылғы 7 наурыз күні Шымкент университетінде өткен “Студенттік стартап жоба – 2026” атты салтанатты іс-шара барысында жарияланды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін танытуға үлкен мүмкіндік берді. Жеңімпаз атанған жобалар авторлары қаржылай сыйақылармен және арнайы сертификаттармен марапатталды.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған жобалар:
1. Математика және информатика кафедрасы
“FinGuard – Сіздің қаржы мен құқығыңыздың қорғаны”
Автор: Абдикадир Ерасыл (1 курс)
Жетекшісі: Жуманова Р.Е.
Жүлде қоры: 1 230 000 теңге
2. Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
“Фитнес жаттығулары арқылы артық салмақтан арылу”
Автор: Кулниязов Элёр (3 курс)
Жетекшісі: Серимбетов Ж.Ш.
Жүлде қоры: 935 000 теңге
3. Педагогика кафедрасы
“EcoCraftLab – тұрмыстық қалдықтан таңғажайып талғам әлеміне”
Автор: Бегимбай Көркем (3 курс)
Жетекшісі: Айткулова Г.А.
Жүлде қоры: 420 000 теңге
4. Жаратылыстану кафедрасы
“Eco Lufa Soap”
Автор: Амантай Сымбат (1 курс)
Жетекшілері: Жошибекова Б.С., Рахимбердиева Ж.Ш.
Жүлде қоры: 400 000 теңге
Ұсынылған барлық студенттік стартап жобалар университет тарапынан қаржыландырылып, олардың әрі қарай дамуына нақты қолдау көрсетілді. Бұл – университеттің білім алушылардың бастамаларын қолдауға деген жүйелі саясатының айқын көрінісі. Осы ретте, байқауды ұйымдастыруға және студенттердің жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен университет басшылығына ерекше алғыс білдіреміз. Университет тарапынан жасалып отырған мұндай мүмкіндіктер студенттердің кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетінің артуына және болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Ғылым департаменті байқауға белсенді қатысқан барлық студенттер мен ғылыми жетекшілерге шынайы ризашылығын білдіреді және жеңімпаздарға алдағы уақытта өз жобаларын табысты жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіреді.